«Балаларды мектепке даярлайық!» акциясы мәресіне жетті

Oinet.kz 03-09-2022 212

Screenshot_8.png

«AMANAT» партиясының «Балаларды мектепке даярлайық!» жалпыреспубликалық акциясы өз мәресіне жетті. Түркістан облысында «AMANAT» партиясының «Балаларды мектепке даярлайық!» акциясы аясында 2000-ға жуық жеткіншекке мектепке қажетті оқу құралдары мен киім-кешектер үлестірілді. 15 тамызда бастау алған жалпыреспубликалық акцияға барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдары, партия белсенділері өз үлестерін қосты. 

Мәселен, Келес ауданында облыстық мәслихат депутаты Роллан Шерімов өз демеушілігімен Қошқарата және Абай ауылдарындағы аз қамтылған отбасылардың 25 бүлдіршініне оқуға керек құралдар топтастырылған сөмкелерді тарту етті. 

Ал, Сайрам ауданындағы шарада облыстық мәслихат депутаты   Бадриддин Нишанкулов жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп, Қарабұлақ ауылдық округіндегі 18 балаға мектеп формасы, аяқ киім және құрал-жабдықтарды сыйға тартты. 

Қайырымдылық науқанынан аудандық мәслихат депутаттары да тыс қалмады. Төлеби ауданында жергілікті халық қалаулылары Бірінші мамыр, Алғабас, Жаңажол, Әл-Фараби, Тағайна жалпы орта мектептеріндегі 75 балдырғанға оқуға қажетті заттармен қамтыды. Сондай-ақ облыстық мәслихат депутаты Бекжан Айтқұлов, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров,  партияның Төлеби аудандық филиалы жалпыреспубликалық акцияда белсенділік танытты. Науқан аудан әкімдігі тарапынан ұйымдастырылуымен өтіп, жалпы 100 бала қуанышқа бөленді.

Сондай-ақ Бәйдібекте әлеуметтік жағдайы төмен және денсаулық саласындағы кіші буын қызметкерлерінің балалары қамтылған игі шарада аудандық мәслихат депутаты Гүлдария Шардарбекова 13 балаға әлеуметтік қолдау көрсетті.

Акция аясында бастауыш партия ұйымдары да шет қалмады. Солардың бірі «Шаға» бастауыш партия ұйымының төрайымы М.Алиева және ұйым мүшелері көпбалалы отбасылардың мүшелеріне сөмке мен оқу құралдарын табыстады. Жалпы оқу құралдарымен қамтылған балалар саны 12 баланы құрайды. 

Ал, Жетісай ауданындағв игі шарада 4 оқушыға мектеп формасы және арнайы сөмкелер таратылды. Акцияға «Мақталы» бастауыш партия ұйымының мүшесі, кәсіпкер Сәбит Мұсаев мұрындық болды.

Жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға қуаныш сыйлайтын әрі жақсылық жасауға үндейтін науқан партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында 2010-жылдан бері өткізіліп келеді. Аталған акцияның жыл сайын мәні артып, халықтың қолдауына ие болуда.


«AMANAT» мәселені шешуде
Жаңа жоба жаңа тұлғаларды қалыптастырмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу