Халықтың тұрмысын түзейтін Жолдау

Oinet.kz 03-09-2022 186

Screenshot_7.png

Жемқорлардан тәркіленген қаражат мектеп салуға жұмсалуы тиіс. Білім саласындағы түйткілді мәселелерге тоқталған Мемлекет басшысы осылай деді. Одан бөлек, 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалатынын айтты. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілмек. Бұл жаңалық әсіресе бала саны көп Түркістандық тұрғындарды қуантып отыр.  

Түркістандық зиялы қауым өкілдері жолдауды ерекше ықыласпен тыңдады. Ел байлығын тиімді пайдалану, әлеуметтік және экономикалық саясат арасында тепе-теңдікті сақтау бойынша бастамалар халық көкейінде жүрген сұрақтарды дөп басқаны даусыз. Әсіресе, әлеуметтік мәселелерге нүкте қойылғандай. Ел арасында резонанс тудырған әйелдердің зейнет жасы қысқарып, минималды жалақы мөлшері артты. 

"Бұл жолдаудың ерекшелігі осы жолдауда өзім ғалым ретінде де аңғарғаным біздің әділетті Қазақстан құру жолындағы реформалардың атқарылуы тиіс мән маңызы кең түрде берілген. Егер осы реформаларды жүзеге асыратын болсақ, онда әділетті жаңа Қазақстан құруға деген біздің құлшынысымыз ақталатыны сөзсіз",- деді филология ғылымдарының докторы, профессор Сейдолла Садықұлы. 

Жалпы, халықтың әлеуметтік жағдайына баса көңіл бөлінуі – құптарлық жайт. Әсіресе, жастарға қолдау көп дейді жиналған қауым. Мәселен келесі жылы 100 мың жасты жұмыспен қамту жөніндегі тапсырмасы көпті қуантып отыр.

"Ең төменгі жалақы көпті қуантатын нәрсе бірінші содан бастағым келеді. 60 мың теңгеден 70 мың теңге дейін көтерілетін болды. Ол өте қуантатын мәселе. Екінші мәселе, денсаулық саласына мән беріліп, елде 650 фельдшерлік-акушерлік пунктер салынатын болып айтылды. Көптеген мәселелр айтылды",- деді Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қалыйма Жантөреева. 

 Ал Түркістан облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Бақытжан Бейсембаевтың пікірі мынадай: "Маған мына жолдауда бірінші қатты ұнағаны Конституциялық реформалардың аясында халықтың әл-ауқатын жақсартуға, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайларын жақсартуға, әлсіз санаттағы азаматтардың жағдайын жақсартуға бар күшімізді одан әрі саламыз деді. Бүкіл қазақстандықтарды жолдауды қолдауға шақырамын. 

Зиялы қауым өкілдері еліміздің Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50 пайызын 18 жасқа дейінгі балаларға төлеу қажет деген бастама орынды дейді. Өйткені Қазақстанда жастардың көбі үйсіз-күйсіз. Бұл бастама, олардың баспаналы болуына үлкен дүмпу болайын деп тұр. 

"Жолдауды тыңдап, ана ретінде, әже ретінде , бала-шағамыздың болашағына қуанып отырмын. Жаңа Қазақстанды құру үшін Президентіміз көптеген мәселеге тоқталып өтті. Әр балаға 18 жасқа дейін ақша аударылып отырады деді. Өзі ғана жаратады.Үлкен кермет дүние білім алуы мүмкін үй алуы немесе маған ең қатты ұнағаны сол",- дейді Түркістан қаласы әйелдер алқасының төрайымы Ұлжан Мұстафаева. 

Президент Жолдауын Түркістандағы университет қызметкерлері мен жастар ресурстық орталығы ұжым болып тыңдады. Олар жолдауда айтылған барлық мәселе ескерусіз қалмай, жүзеге асарына сеніп отыр.


Ел сенім артқан «AMANAT»
Солтүстік Оңтүстіктің дихандарын шақырады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу