Шардарада жағажай туризмі дамып келеді

Oinet.kz 04-09-2022 193

Screenshot_13.png

Бұдан былай қонақ үй салған кәсіпкерге мемлекет шығының бір бөлігін субсидиялайды. Оған қоса төмен пайызды несие мен қайтарымсыз гранттар да көптеп беріліп жатыр. Соның негізінде ауданда кәсіпкер саны артып, өндірілген тауар құны алты айда 6 миллиардтан асқан. Бұның барлығы кешегі Мемлекет басшысы айтқан ауылдағы қарапайым еңбек адамыдарының тынымсыз атқарған жұмыстарының жемісі.

Мақсат Пірімбетов жоғарғы оқу орнын бітірген соң өзгелер сияқты қалаға емес бірден ауылға тартыпты.Ондағысы өзі туып өскен жеріне, отанына деген сүйіспеншілігі. Жаңа технологияны жетік меңгерген жігіт электронды «QR Test математикалық сауаттылық» кітабының авторы.Ол осындай тың идесымен «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында мемлекеттен қайтарымсыз несие алыпты.Қазір ол білім беру орталығын ашып, ауыл жастарын математика бағытында оқытып жүр.Ендігі жерде өмірге деген құштарлығы жоғары мүмкіндігі шектеулі он балаға грант бөлуді жоспарлап отыр екен. 

Шардарада жалпы өз ісін өрге дөңгелетіп жүрген жастар көп. Тіпті мүмкіндігі шектеулі бола тұра киізден сөмке жасап, өзгеге масыл болмай нәпақасын тауып отырған жастар да бар. Тағы бір айта кетерлік мәселе Африка жайынын жыл онекі ай жылыжайда өсіріп жатқан кәсіпкер де осы шардаралық. Қарапайым заттар экономикасын дамыту бойынша биыл 33 жоба қаржыландырылған.  Ауданда жағажай туризімін дамыту мақсатында да бірқатар жобалар қолға алынған. Бұдан былай қонақ үй салған кәсіпкерге шығынының бір бөлігі қайтарылады.

Шардар ауданында  8136 кәсіпкерлік нысан бар.  Оның бір бөлігі шағын және орта бизнес болса, екінші жағы шаруа қожалықтары. Оған қоса су электр стансасы мен балық және мақта өңдеу зауыттары ,күріш өңдеу кәсіпорны тағы бар. Олар алты айда 6 миллиард теңгеден астам отандық тауар өндірген. Оңын 3 миллиардтан астамы өңдеу өнеркәсіптеріне тиесілі.  Өткен жылмен салыстырғанда өсім бар....

Балық экспорты артып келеді
Отбасы бақыты - қоғам бақыты!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу