Қазақ аналары «Дәстүрге жол» жобасын қолдайды

Oinet.kz 08-09-2022 317

Screenshot_15.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» стратегиялық мақаласында "үш қазық – ұлттық болмыс, төл мәдениет пен салт-дәстүр біздің негізгі бағдарымызға айналуы тиіс" деп атап өткен болатын. 

Ия ұлттық салт-дәстүр халқымыздың рухани өзегі. Осы орайда, Мақтаарал ауданында «Қазақ аналары-дәстүрге жол» Республикалық қоғамдық бірлестігінің тұсауы кесіліп, алғашқы құрылтайы өтті. Рухани жиынға қала тұрғындарымен, ауданның шалғай аймақтарындағы ақ жаулықты аналар қатысты. Айтулы шараның мақсаты жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру.

Атакенттік аналардың мұрындық болуымен жүзеге асқан шарада ұлттық-салт дәстүрлеріміз ұлықталды. Осы орайда, көрмеге қойылған ұлттық киімдеріміздің ерекшеліктерін көпшілікке таныстырған  жобаның негізін қалаушы Айнұр Жүгінісова, басты мақсат  төл дәстүрді дәріптеп, ұлттық құндылығымызды ұмытпай, дейді. "Төл мәдениетіміз – біздің темір­қа­зы­ғымыз. Қазақ мәдениетінің негізгі қай­нар көзі – ұлттық құндылықтар. Қазақ­тың киіз үйінен бастап, бүкіл тұрмыс­тық құралдары, қыз ұзату, шілде­хана, тұсаукесер, сүндеттой секілді салт-жоралғыларының бәрі де – төл мәдениетіміздің тіректері. Сабырлы әрі салмақты болу, ашуға бой алдырмау, таза жүру, ар сақтау, қиянат қылмау, жа­ман жолға түспеу, асты адалынан жеу, ысырап етпеу, жігерлі де батыл болу секілді өмірлік ұстанымдар – бай мәде­ние­тіміздің бір көрінісі іспетті. Сондай-ақ төл мәдениетімізде «тыйым сөздер» деген жеке ұғым бар. Осының өзі-ақ төл мә­де­ниетіміздің тамыры тереңде жатқанынан хабар береді. Салт-дәстүрдің халқымыздың діні мен сеніміне, тұрмысы мен тіршілігіне сіңге­ні сондай, ол ұлтымыздың бағыт алар те­мірқазығына, бұлжымас заңына айналды. Өйткені салт-дәстүріміздің тәлімдік, тәрбиелік, тағылымдық мәні үлкен. Атап айтқанда, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу сынды салттың астарында тәрбие мен әдеп жатыр",- деді жобаның негізін қалаушы.

«Қазақ аналары, дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің  еліміз бойынша  18 филиалы бар. Бір бөлімшесі Атакенттен ашылып, қазіргі таңда өз жұмысын бастаған.  Олар ата-бабадан  аманат болған салт дәстүр мен ұлттық киім үлгілерін насихаттауда атсалысып келеді.

Бүгінгі шара барысында қазақы дәстүрдегі қыз ұзату, беташар, бесікке салу сонымен қатар, тұсау кесер рәсімдері сахналанды. Ақ жаулықты аналарымыздың атсалысуымен өткізілген бұл кештің кейінгі ұрпаққа берері мол болмақ. 





Отбасы бақыты - қоғам бақыты!
Түркістандықтардың басым бөлігі Павлодарға қоныс аударған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу