Басшылар кітапхана қорын толықтырды

Oinet.kz 24-09-2022

 Screenshot_6.png

Адами қасиеттердің ішіндегі ең күрделісі және ұлысы – кітап: ол адамзаттың рухани байлығының әлемі. Халқымыз өнер мен білімді қадірлеген. Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат-білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ал, ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине, кітаптан. Кітап – рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы. Ата-бабамыз кітапты ерекше ақылшы ұстаз санаған. «Кітап білім-бұлағы, білім-өмір шырағы» деген қанатты сөз қалдырған. «Кітап – өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу мүмкін емес», – деп Серке Қожамқұлов ағамыз айтпақшы, адам баласы үшін кітап – тілсіз тәрбиеші. Қазіргі таңда елімізде оқушы жастардың кітап оқымайтыны туралы жиі айтылатыны жасырын емес. Жалпы, оқушылар кітап оқымай ма, әлде мектеп оқушылары қызығып оқитын көркем әдебиеттер жоқ па деген сұрақтың да ойға оралатыны анық. Жас жеткіншектерді «кітап оқымайды» деп бекерге кінәлай бергенше олар қызығып оқитын кітаптарды көптеп шығарып, мектептерге таратудың маңызы зор. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім саласында «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыруды тапсырған болатын. Президен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында электронды дәуірдегі дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөліне тоқталып, мектеп кітапханаларының кітап қорын жаңалап, толықтырудың аса маңызды міндет екендігін атап өткендей, осы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы  «Кітапханаға кітап сыйла!» бір айлық облыстық қайырымдылық акциясын ұйымдастыруда. Акция мақсаты - оқушылардың рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру және оқырман мен кітапхана арасын нығайту.

 Еліміздің баянды болашағының кілті рухани жаңғыруда. Бұл идеяны елдің ертеңі, қоғамның қозғаушы күші саналатын зиялы қауымда, жастар да қолдайды. Осы орайда Мақтаарал ауданында өтіп жатқан "Мектепке кітап сыйла" акциясына  Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов, аудандық білім бөлімінің бас маманы Асанхан Қошқаров, аудандық Полиция бөлімінің басшысы Е.Надиров, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас есепшісі, депутат Бақытжан Жұманов, «Бірлік»  ауыл округінің әкімі Ляззат Нұртаева  және де басқа да аудан басшылары, ардагерлер атсалысып, кітапхана қорын жаңа кітаптармен толықтырды. 

Айта кетейік, “Оқуға құштар мектеп” жобасы білім алушылардың, кітапханашылардың, ата-аналардың арасында оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, оқу мәдениетінің деңгейін арттыруға және оқуды насихаттауға бағытталған. Жоба аясында отбасылық оқудың жарқын дәстүрлерін жаңғырту, оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, кітапхана қорын көркем әдебиетпен толықтыру, мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша кешенді шаралар көзделген.

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықпен күрес қоғамның міндеті
Бала қауіпсіздігі - қоғам тыныштығы


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×