Әйелдерге тігу өнерін тегін үйретіп жүр

Oinet.kz 23-09-2022 912

Screenshot_8.png

Қазіргі таңда елімізде әр саланың тасын өрге домалатып жүрген әйелдердің қатары жыл сайын артып келеді. Мәселен, Кәсіпкерлікті дамыту қорының мәліметінше, бүгінде бизнеске ден қойған әйелдердің саны 50 пайыздан асқан.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің денсаулығы, әлеуметтік жағдайымен қатар білім алып, кәсіп ашуына жағдай жасап келеді. Өз сөзінде Президент: "ХХІ ғасырда әйелдер, бір жағынан, сұлулық пен ізгіліктің бейнесі болса, екінші жағынан, тұтас еліміздің дамуына ұйытқы болып отыр. Бір сөзбен айтқанда, аруларымызға тән үйлесім, айрықша ұмтылыс, әр іске деген шығармашылық көзқарас, еңбекқорлық пен жауапкершілік – ұлтымыздың жаңа болмысын нығайтатын қасиеттер. Сіздердің кәсіпкерлік бастамаларыңызды қолдау үшін бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Соның арқасында еліміздегі шағын және орта бизнес саласында еңбек ететін әйелдердің үлесі артты. Біз еліміздің дамуына белсене атсалысып жүрген осындай іскер аруларымызға жан-жақты қолдау көрсетеміз"- деп атап өткен болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Түркістан облысында да кәсіпкерлікпен айналысатын нәзік жандылардың қатары к. санап артуда. Бұл бағытта түрлі бастамалар, іс-шаралар қолға алынған. Өңірдегі әйелдердің бизнес бастауына ұйытқы болып жүрген жанның бірі Дилфуза Абдурасулқызы. Ол түркістандық әйелдер үшін әйелдер кәсіперлігін дамыту орталығы тегін пішу және тігу курстарын ұйымдастыруда.  Жақында  оқудың екінші күні аяқталды. Ол «DILZA ATELIER school» сән үйінің тігін цехының базасында өтуде. 

 Дилфуза Абдурасулқызы отандық сән әлемінде тігінші, дизайнер ретінде кеңінен танымал. Ол іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, түрлі халықаралық сән көрсетілімдерінің жеңімпазы. Тегін модельдеу және киім тігу курстарында аймақтың 15 тұрғыны оқиды. Олар бірнеше жүздеген өтінімдерден таңдалды. Курс аяқталғаннан кейін түлектер сертификаттар алады.

Бұған дейін Түркістанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы 35 әйелді нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер өндірісінің негіздеріне оқытқан болатын. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, әйелдер табыс көзіне тіпті өз хоббиін де айналдыра алады, олар табыс тауып, отбасылық бюджетке үлес қоса бастайды. Бірақ өз ісін ашу үшін көптеген адамдарға негізгі білім, ынталандыру, ынталандыру, қалыптасу кезеңдерінде қолдау жетіспейді.  Былтырдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкерлер палатасы жанындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығында бүгінде 500-ден астам адам кеңес алды. Бір мыңнан астам қызмет көрсетілген.

Бала қауіпсіздігі - қоғам тыныштығы
Сайрамда жылыту қазандықтары шығарылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу