Төрт-түлік тарықтырмайды

Oinet.kz 21-09-2022 302

Screenshot_10.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығындағы ахуал азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететіндігін жеткізді. Сонымен қатар елімізде ауылшаруашылығы өнімдерін көлемін және оның қосымша құнын арттыру басты міндет болып отыр.  Міне осы бағытта талмай еңбектеніп келе жатқан ұжымның бірі Отырар ауданына қарасты Жаңашілік ауылындағы "Жаңа жер" шаруа қожалығы.

Негізінен сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығымен айналысатын ұжым 2-3 жыл бұрын сүт өңдейтін цехты іске қосса шаруашылық қымыран өндіруді де қолға алған. 

Шаруа қожалығының төрайымы  Гүлсара Сейітжан жалпы сонау 1992 жылдан бері өз кәсібін жандандырып отыр. "1994 жылы "Несие" серіктестігінен несие алып, малдың басын көбейткенбіз. Қазіргі таңда қожалығымызда 200-дей сиыр және түйе, қойларымыз бар. 60 шақты сиырды сауамыыз. Бірқатар кәсіпорындарды өнімдерімізбен қамтамасыз етеміз. Жылдан жылға дамып келеміз. Мал азығы да өзмізден шығады. Жүгері, жоңышқа  егеміз. 1997 жылдан бері түйе сауып, қымыран өндіріп келеміз. Шаруашылық болғасын жақсы жағы да, қиыншылығы да болады. Бірақ еңбектің арқасында алып кеттік. Қазір балаларым ата кәсібімізді жалғастырып келеді. 25 адам жұмыс жасайды. Жастарға айтарым ерінбеу керек. Жүһұмыстың көзін тапса болғаны. Малға ықыласпен қараса малдың берері көп. Төрт түлік мал тарықтырмайды",- дейді Гүлсара ана. 

 Бүгінде "Жаңа жер" шаруа қожалығының аграрлық сектордағы жетістігі бір төбе. Қазіргі таңда мал бордақылауға арналған шаруашылық базасы да ұлғайтылып бұл аумақта жем шөп сақтау орындары мен техникаларға арналған тұрақтар да салынған. 

Сайрамда жылыту қазандықтары шығарылады
Аналар ақ орамалды дәріптеп жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу