«Мың бала» жобасы этнос жастарының мемлекеттік тілді меңгеруге ықпал етуде

Oinet.kz 23-09-2022 602

Screenshot_14.png

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 21 қазанда өткен Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында "Қазақстандағы тұрақтылық пен татулық қоғамдағы ынтымақ пен теңдіктен, өзара сенім мен құрметтен бастау алады. Қастерлі Отанымызда түрлі мәдениеттердің үйлесім тапқаны - соның айқын көрінісі. Бұл - біртұтас ұлт болып ұйысуымыздың басты қағидаты әрі айнымас стартегиялық бағдарымыз" деп қадап айтқан болатын. Президенттің тапсырмасы аясында елдегі этносаралық татулықты сақтау мақсатында көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Айталық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен 2015 жылдан бері «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы іске асырылып келеді. Аталған жоба аясында Түркістанда облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен республикалық конкурстардың облыстық кезеңі өтті. Байқауға аудандық, қалалық конкурстарында үздік шыққан мектеп оқушылары бақтарын сынады.

Жобада Қазақстандық этнос жастарына қазақ тілін оқыту бойынша «Тіл мектебі» авторлық бағдарламасы, «Өнер алды - қызыл тіл», «Өнерлі өрге жүзер», «Жарқыра, жас дарын!» конкурстары, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» тақырыбындағы конкурстар мен викториналар, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, жалпықазақстандық диктант жазу мен ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу сайыстары өтті.

«Мың бала» жобасының облыстық кезеңіндегі «Өнер алды - қызыл тіл» көркем сөз оқу конкурсында Созақ ауданы, Навои атындағы мектептің 8-сынып оқушысы Айша Ахметжан қатысып, ақындық өнерін паш етті. Сондай-ақ, сөзге шебер жастарға арналған «Жарқыра, жас дарын!» конкурсында Сауран ауданы, Ахмет Ясауи атындағы жалпы орта мектептің 10-сынып оқушысы Отабек Шамитдинов өз шеберлігін көрсетті.

Ал, «Өнерлі өрге жүзер» конкурсында Мақтаарал ауданы, Оспан Бапышев атындағы жалпы орта мектептің 8-сынып оқушысы Алина Миркамалова «жүзден жүйрік» деп танылып, қараша айында Елордада өтетін «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының республикалық байқауына жолдама алды. 

Байқауға қатысушыларға қаржылай сыйлықтар мен диплом табысталып, жетекшілері басқарма басшысының Алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетсек, 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орайластырылған жалпықазақстандық диктант жазу жазу шарасы өткізіліп, оған Түркістан қаласындағы Р.Исетов және Н.Некрасов атындағы мектептердің оқушылары қатысқан болатын.


Құлбайымбетовтер отбасы - елге үлгі
Дархан Сатыбалды дихандармен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу