Мемлекет бәріне бірдей мүмкіндік беріп отыр

Oinet.kz 23-09-2022 216

Screenshot_21.png

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауын қолдау және насихаттау бойынша Сауран аудандық партия активінің жиыны өтті.

Партия активіне облыстық Экология мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты К.Әуен, облыстық мәслихат депутаты Н.Атаева, партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы С.Асылбеков, партияның Саяси кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, «Jastar Ruhy» ЖҚ мүшелері, бастауыш партия ұйым төрағалары, партия ардагерлері, белсенділері, үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты.

Жиынды аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы С.Асылбеков ашып, жүргізіп отырды. Мәжіліс барысында «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының Атқарушы хатшысы С.Асылбеков жуық арада жүзеге асырылатын ауқымды саяси реформалар мен бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларды қамтыған айрықша Жолдаудың мәні мен маңыздылығы жөнінде баяндама жасап, оның басты басымдықтарымен таныстырып өтті.

С.Асылбеков өз баяндамасында: "Мемлекет басшысы: биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конститутциялық реформа жаңа, әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болғанын, еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиістігіне тоқталды.Біздің «Азамат –бизнес-мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгерту керектігін баса назарға салды.Мемлекет ең алдымен бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнайтынына, қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейінің жоғары болуына кепілдік берді.Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетілетінін баса айтты"-деді.

Актив жиынында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ахметов, Жаңа Иқан бастауыш партия ұйымының төрағасы, жеке кәсіпкер Д.Ирисбаевтар жарыссөзге шығып, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауына пікірлерін білдіріп, жаңа бастамаларға қолдау білдірді.

Жиынды облыстық Экология мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Кеңес Әуенұлы қорытындылап, Жолдауда айтылған маңызды мәселелерге тоқталып, активке қатысушыларды Ел Президентінің Жолдауын қолдауға шақырды.

Жолдау медицина саласына да серпін бермек
Түркістанда азаматтар құқығын қорғау өз жемісін беруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу