Төлебиде «Үміт үйі» ашылды

Oinet.kz 23-09-2022 199

Screenshot_32.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында отбасылардағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға аса назар аударды. «Отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып жүр. Құқық қорғау органдары бұл ұсыныстың дұрыс екеніне күмәнмен қарайды. Себебі, мұндай тұрмыстық жағдайларды анықтау оңай емес, яғни осындай оқиғаларды тергеп-тексеру қиынға соғады. Отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, олар одан бетер басынып кетеді. Ал жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз қалады. Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді деп санаймын. Зардап шеккен жандар елдің сөзінен немесе біреудің қысым жасауынан қорықпауы қажет», деген Президент тұрмыстық жағдайда зорлық-зомбылық құрбаны болғандарға қоғам болып көмек беруіміз қажеттігін айтты. 

Осы мақсатта, Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен отбасын қолдау орталығы ашылды. 

«Үміт үйі» атауына ие болған орталық ең алдымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек беріп, қиын жағдайға душар болған ересектер мен балаларға психологиялық қолдау көрсетеді. Ауданның кез келген жастағы тұрғыны, күйзеліске ұшыраған отбасылары әлеуметтік-құқықтық көмек ала алады. 

Тұрмыстық жанжалдың құрбандары уақытша паналайтын орын 5 бөлмеден тұрады. Аталған орталық Түркістан облысына қарасты аудандар арасында алғашқы болып Ленгір қаласында ашылды.

Жол картасы аясындағы жобаларға бақылау жүргізілді
Президент Дархан Сатыбалдыны қабылдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу