Республикалық деңгейдегі спорттық шара басталды

Oinet.kz 23-09-2022 203

Screenshot_43.png

Облыс орталығында кезекті республикалық деңгейдегі спорттық шара басталды.  Шаһарда үлкен теннистен республикалық қала біріншілігі ойындары өтуде.  Шара қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының»  ашылғанына бір жыл толуына орай ұйымдастырылды. 

Бәйгеде еліміздің түрлі аймағынан келген ең жасы 8 жасар спортшыдан бастап, 17 жасқа дейінгі спортшы бақ сынасуда.  Жалпы саны 64 спортшы Түркістан облысынан бастап, Алматы, Қызылорда облыстары және Тараз, Шымкент, Түркістан қалаларынан келген.

Доданың ашылуында алғы сөз алған қала әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы, «Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасы аясында  бұқаралық спортты дамыту мақсатында шаһардың материалдық базасын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда. 231 спорт нысаны тұрғындар игілігіне жарауда.

Ендігі мақсат – спорт нысандарының санын одан ары көбейтуіміз керек. Мұның бәрі балаларымыздың, жастарымыздың спортпен айналысуына, олардың денсаулығының мықты болуына жасалынып жатқан үлкен мүмкіндік» деді.

Одан бөлек, қалалық ардагерлер алқасының төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов пен қалалық мәслихат хатшысы Марат Асылбекұлы қатысушыларға ізгі тілегін арнап, сәттілік тіледі.

Жасөспірімдердің қауіпсіздігін қорғап жүр
Бала қуанса, әлем қуанады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу