Құзырлы органдардың қатысуымен жиын өтті

Oinet.kz 20-09-2022 264

image.png

Кентау қаласында Түркістан облысы прокурорының орынбасары С.Келдібековтің төрағалығымен Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауына атап өткен «ӨҢІРЛІК САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ, ҰЛТТЫҢ ҰЙЫСУЫ, САЯСИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ» тақырыбында  жиын өтті. Жиынға Түркістан, Сауран, Кентау қалаларының әкім орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, адами әлеуетті дамыту бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорлары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.

Жиында Сауран ауданы әкімінің орынбасары С.Сәдібаев қоғамдық-саяси ахуалына тікелей септігін тигізетін күрделі мәселелер бойынша атқарылған жұмыстары жөнінде баяндама жасады. Оның ішінде, әлеуметтік, инфрақұрылым, тұрғын үй, жер мәселесі, білім ұйымдарындағы жағдай және осы секілді бірқатар  өзекті мәселелер қамтылды.

"Саяси жаңғыруды біртіндеп жүзеге асыру – мемлекетіміздің стратегиялық бағдарының басым міндетінің бірі. Президент Жолдауында: "Біздің мақсатымыз – мемлекеттің тиімділігін, саяси үдерістің ашықтығы мен бәсекелестігін одан әрі арттыру. Сондықтан саяси реформалар жалғасады.Мемлекеттілігімізді нығайта түсу үшін барлық өзгерісті еліміздің өзіне тән ерекшелігін ескере отырып, біртіндеп жүзеге асырамыз",- деп атап өткен болатын. Мемлекет басшысының тапсырмалары өңірімізде жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді",- деді аудан әкімінің орынбасары.

Жиын соңында анықталған кемшіліктерді жою және алдағы уақытта қандай бағыттарда жұмыс атқару керектігі туралы хаттамалық тапсырмалар берілді.

Бала қуанса, әлем қуанады
Ақ халаттылар біліктілігін арттыруда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу