Кентауда алма өсіретін шаруалар саны артқан

Oinet.kz 25-09-2022 687

Screenshot_50.png

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылы жері құнарлы, қандай өнім ексең молынан жеміс беретін мекеннің бірі. Мұнда бақша ісімен айналысушылар қатары да көп. Сондай жанның бірі Оразбек қажының бақша ауласы.  Қазір мұнда алманың 5 түрі жайқалып тұр. Голден, серемиянка, хрестиян сұрыптарын кездестіресіз. Одан бөлек, алмұрт пен өрік, шабдалыда бар. Жалпы 7 га аумақта 1400 түп жеміс ағашы отырғызылған. 

Оразбек қажы Бабаханов бұл іспен айналысқанына 40 жылға жуықтаған. Жазғы маусымда 10 тонна өнім алған.  Жыл соңына дейін 30-40 тоннаға жуық өнім жинауды көздеп отыр. Бұл жерде жиын терім кезінде 20-25 адам жұмыс істейді. Әр көктем, күзде көшетін алып кететіндер де бар. Тіпті, ынталы  азаматтарға ақыл-кеңес беруге де дайын. Бірнеше талапты ескеру керек дейді. Мәселен,  жеміс ағашын бір-біріне жақын орналастыруға болмайды. 

«Біреулер жақын егіп қояды. Ол болмайды. «Селитра жолатудың керегі жоқ. Амофос ол селитраға жатпайды. Өсуге күш береді. Жақсылап қарасаң жақсы береді ғой» дейді диханшы, агроном Оразбек қажы Бабаханов. Бағбан мемлекеттен гектарына 400 мың теңге субсидия алып отыр.  Одан бөлек лизингке техника алған. Сөйтіп, ісін дөңгелетуде. 

Жалпы, ауыл азаматтарының бәрі еңбекқор. Осындай кәсіп бастаған азаматтар қатары аз емес.  Таза әрі табиғи өнімге қашанда сұраныста көп болары анық. Сондықтан, бағбандар өнімдерін  Түркістан, Кентау қаласының базарына  апарып сатады.

Кентауда жыл басынан бері 1004 азамат жұмысқа тартылды
Ақсақал әкімге өтінішін жеткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу