Шардарада кәріз жүйелерінің құрылысы басталды

Oinet.kz 21-09-2022 237

Screenshot_65.png

Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай қаладағы кәріз жүйелерінің жұмысымен танысты. Шардара ауданы бойынша кәріз жүйелері Шардара қаласында ғана жұмыс істейді. Қазіргі таңда қаланың 27 пайызы кәріз жүйелерімен  қамтылған. Пайдаланудағы канализация желісінің жалпы ұзындығы – 36 шақырым. 

 Аудандық бюджет қаржысы есебінен «Шардара қаласының Қызылжар, Майқала, Абай және Ақбала мөлтек аудандарына сарқынды су жүйелерінің құрылысы» жобасы әзірленіп, ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары басталды. Жоба  2023 жылға өтпелі.  Осы жоба аясында қала тұрғындары 51 пайызға кәріз желісімен қамтылатын болады. Аудан басшысы  мердігер компания өкілдеріне жұмысты сапалы әрі уақытылы істеуді айтып, жауапты бөлімге қадағалуды тапсырды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2021 жылдың 12 қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарының сапасын көтеру және Қазақстан халқының көрсетілетін қызметтерге кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуді көздейді. Ұлттық жобаны іске асырудың нәтижесінде негізгі қызметтермен, атап айтқанда сумен жабдықтаумен 100 пайыз және кәріз жүйесімен 100 пайыз қамтамасыз ету есебінен өңірлер арасындағы өмір сүру сапасындағы айырмашылық қысқарады деп күтілуде.  

Арыста азық-түлік себеті таратылуда
15 оқушы «Елбасы Медаліне» ие болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу