Шардарада бүгінге дейін 130 тонна «ақ алтын» дайындалды

Oinet.kz 22-09-2022 192

image.png

Биылғы жылы Шардаралық дихандар үшін жемісті жыл болды деуге негіз бар. Сарғайып жеткен күзбен бірге шаруалар да жиын-терім науқанын бастап кетті. Жалпы  аудан бойынша 57 800 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылған. Тарата айтсақ, 1010 гектар жерге күздік бидай, 1530 гектар жерге жаздық арпа,  3510 гектар жерге дәндік жүгері, 670 гектар жерге маш, 15643 гектар жерге мақта, 17115 гектар жерге ескі жоңышқа, 4068 гектар жерге жаңа жоңышқа, 4250 гектар жерге сүрлемдік жүгері, 250 гектар жерге картоп, 660 гектар жерге көкөніс, 8494 гектар жерге бақша, 600 гектар жерге күріш дақылдары егілді. 

Бүгінге дейін 1010 гектар күздік бидайдан – 3040 тонна, 1530 жаздық арпа дақылынан – 4340 тонна, 250 гектар картоптан – 5230 тонна, 660 гектар көкөністен – 23 310 тонна, бақшадан – 222 050 тонна өнім алынды дейді мамандар. Сондай-ақ, 17115 гектар ескі жоңышқадан – 202 500 тонна, 4068 гектар жаңа жоңышқадан – 9044 тонна,  табиғи, дала шөптерінен  – 117 100 тонна, 4250 гектар сүрлемдік жүгеріден 145 100 тонна  өнім жиналған. Қазіргі таңда өнім жинау жалғасуда. 

Күзгі мақта жиын-терім науқанын ұйымшылдықпен өткізуді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігінің қаулысымен (№225  19.08.2022 ж.) жиын-терім жұмыстарына жәрдемдесу жөнінде аудандық штаб құрылып, штаб құрамына тиісті мамандар енгізілді. Күзгі жиын-терім науқанын ұйымшылдықпен өткізуді қамтамасыз ету үшін  мынадай іс-шаралар атқарылатын болады.

- Күзгі жиын-терім науқанына қатысатын ауылшаруашылығы техникаларының (тракторлар, тіркемелер, автомашина және мақта теретін комбайндар) дайындығын қадағалау, тиімді пайдалануға ықпал жасау, қажетті жағдайда көрші аудандардан техникалардың қатысуын қамтамасыз ету. 

- Күзгі жиын-терім жұмыстары кезінде техника және өртке қарсы қауіпсіздік шараларын, жарықпен қамтамасыз етілуін, жол ережелерінің сақталуын және мақта теріміне қажетті терімшілерді ұйымдастыру.

-  Мақта қабылдау пункттерінің жұмыстарын қайта саралау, электр қуатымен қамтылуы, электр желілері арқылы атқарылатын жұмыстардың қауіпсіздік шаралары мен техникалық қауіпсіздік шараларының орындалуын бақылау.

-  Күзгі жиын-терім науқаны кезінде күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік тауарларының сапасын, сауда дүңгіршіктері мен қоғамдық және жекеменшік тамақтандыру орындарында барлық санитарлық жағдайлардың сақталуын қадағалау, жұқпалы аурулардың алдын алу жұмыстарын жүргізу.

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі мамандарының мәліметінше алдын ала болжамдық есеп бойынша күзгі мақта жиын-терім жұмыстарына 290 дана мақта комбайны, 586 дана тасымалдайтын трактор, 1024 дана тіркеме және бастапқы кезде 5000-нан астам терімші  қатысып, мақта жиын-терімін қазан айының аяғында аяқтау жоспарлануда. 

Қазіргі кезде «Ай-Си-Си» ЖШС, «Мырзакент» ЖШС, «АИИГ Қазақстан» (Нимэкс) ЖШС, «Ұзын ата мақта» ЖШС, «МинЛегПром» ЖШС, «Акбура Контракт» ЖШС,  «Нұр Агро» ЖШС, «Ақ-Алтын» ЖШС, «Жігерлі» ЖШС, «Шардара мақта» ЖШС және «Алаулы» ЖШС мақта компанияларына қарасты 30-дан астам мақта қабылдау пункттерінде өнім қабылдау жұмыстары басталып кетті. 

Ағымдағы жылы ауданда 15 643 гектар жерге мақта дақылы егілді. Қазіргі кезде мақталықтарды дефолиациялау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 15643 гектар мақталықтың 9960 гектар дефолиацияланды. 

Болжамдық есеп бойынша ағымдағы жылы да мақталықтан мол өнім алып,  1 гектар түсімділігін кемінде 27,5 центнерге жеткізіп, аудан бойынша жалпы 43 мың тоннадан астам өнім алынады деп күтілуде. 

Аудандағы ауыл округтерінде мақта терімі басталып, бүгінге дейін 130 тонна «ақ алтын» дайындалды. Мақта жиын-терім жұмыстары күннен күнге қарқын алуда. 

Үкімет тарапынан аудандағы шаруаларға күзгі дала жұмыстары үшін 4030 тонна жанар-жағармай бөлініп, тасымалдау жұмыстары жүргізілуде.

15 оқушы «Елбасы Медаліне» ие болды
Батаның қасиеті дәріптелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу