Құқық бұзушылықтың алдын алған жөн

Oinet.kz 23-09-2022 217

image.png

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – жас мемлекет. Әрбір екінші қазақстандықтың жасы 30-дан төмен болса, азаматтарымыздың орташа жасы 34-тен аспайды. (...) Қазір бүкіл қоғамның назары балалар мен жас жеткіншектерді құқықтық және өнегелік тәрбиелеу мәселесіне аударылып отыр. Өздеріңіз де жақсы білесіздер, баса назарды қажет ететін әлеуметтік проблемалардың бірі – жастар арасындағы қылмыс.   Бұл мәселеге көз жұмып қарауға болмайды. Осы түйткілдің шығу себептерін анықтап, мектептерді жайлаған қорқыныш пен үрейден түбегейлі құтылу үшін нақты шаралар қолдану қажет. Бұл мұғалімдердің, ата-аналар мен жастар ұйымдарының, барлық деңгейдегі әкімдердің және тұтас қоғамның алдындағы маңызды міндетке айналуы тиіс», деп атап өткен болатын. Президенттің тапсырмасына сай өңірлерде әсіресе жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі шаралар атқарылып келеді. 

Жақында Мақтаарал ауданында қылмыстық құқық бұзушылық профилактикасы бойынша  аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен мекемеаралық мәжіліс өтті. Жиында қылмыстың алдын алу мәселелері мен себеп-салдары кеңінен талқыланды.

Аудан прокуроры Айтболат Досаев кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, мал ұрлығы, жол көлік апаттары, ұлтарлық араздықтың және алаяқтық қылмыстардың алдын-алу бойынша орын алған қылмыстар мен кемшіліктерге тоқталды. "Бұл қылмыстармен күресу үшін мемлекеттік органдардың жұмысы ең алдымен осы қылмыстардың алдын алуға бағытталуы қажет" - деді прокурор. 

Атап айтар болсақ, жыл басынан бері интернет арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстардың саны едәуір өсіп, 27-ге жеткен. Интернет-алаяқтықтың құрығына әйел адамдардың жиі ілінетіні де мәжілісте айтылды. Сонымен қатар, балаларды құқық бұзушылықтан қорғау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар мен кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің психологиялық ахуалына тоқталған баянамашылар кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, іс-шара жоспарлары бекітілгендігін жеткізді. 

Жауапты мекемелердің жасөспірімдерге қарсы жасалған зорлық-зомбылық қылмыстары мен олардың өз-өздеріне қол жұмсауының алдын алу бағытындағы жұмыстарын өз деңгейінде атқарылу керектігі тапсырылды. 

Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мектептер мен балабақшаларға баратын жолдарды жарықтандыру, орталық көшелерді бейнебақылау камераларын орнату бойынша айтылған ұсыныстарға аудан әкімі Бақыт Асанов жергілікті бюджеттен бейнебақылау камераларын орнатуға 229 миллион теңге қаржының қарастырылғанын атап өтті. 

Мәжілісте аудан прокуроры Айтболат Досаев ауылдық округ әкімдеріне әрбір елдімекендерді аралап, жүйелі жұмыстар атқаруды тапсырып, жауапты сала басшыларына заңды іс-шараларды сапалы түрде атқаруға шақырды.

Жиын барысында көтерілген мәселелер мен айтылған ұсыныстар негізінде арнайы жұмысшы топ құрылып, әр елдімекенде тұрғындар арасында қылмыстың алдын-алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде жүргізілетін болды. 

Халықтың өтініші орындалуда
Сауранда тындырымды тірлік көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу