Ауыл кітапханалары түрленіп келеді

Oinet.kz 26-09-2022 467

image.png

Электронды форматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайды. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 4-отырысында айтқан сөзі.  «Жақында әлеуметтік желіде еліміздегі кітапханалардың рөлі туралы қоғам назарын аудартқан пікірталас болды. Шындығына келгенде бұл мәселенің мән-жайы баршаға түсінікті болуға тиіс. Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар - білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені. Электронды форматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан дәстүрі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайды», - деп атап өткен Президент жалпы кітапханалардың жүйесі мен жұмысын ұйымдастыруға жаңаша көзқараспен қарау қажеттігін баса айтқан болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Түлкібас аудандық ОКЖ-не қарасты Керейт ауылдық кітапханасында «Оқуды алға жылжытудағы кітапхана жұмысының заманауи түрлері» атты көшпелі семинар өтті. Семинардың негізгі мақсаты ауыл кітапханаларының ішкі жұмыстарын жақсарту, тыныс-тіршілігімен танысу, іс-тәжірибе алмасу.  Кітапханада жаңа форматта көрме-инсталляциялар жасақталып, түрлі безендіру жұмыстары жүргізілген.  Негізгі шара кітапхананың тыныс-тіршілігімен танысқаннан кейін басталды.  

Шараны Түлкібас аудандық ОКЖ-нің директоры орынбасары А.Белтенова ашып берді. Кітапхананы дамыту бөлімінің әдіскері А.Әбзел «Шебер маман болу өз қолыңызда», ОКЖ-нің библиографы Ф.Тұңғышбаева «Картотекада қандай құпия бар?» тақырыптарымен кітапханашыларға бағыт-бағдар берді. Ал, құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімінің меңгерушісі М.Суюндыкова ауыл кітапханаларындағы кітап қорына байланысты өзекті мәселелерге тоқталды. 

Кітапханашының ұйымдастыруымен «Анаға хат» сахналық қойылымы көрсетілді, «Ойлан, тап» атты кітапханалық батл өткізілді. Сонымен бірге, кітапхана оқырманы Н.Елемес «Қарлығаш» шығармасын қобыз аспабымен орындап, бишілер мың бұралып би биледі. 

Түлкібаста 673 жер теліміне инфрақұрылым жүргізілуде
Түлкібаста жайылымдық жерлердің көлемі артып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу