Сарыағашта жаңа мектеп ашылады

Oinet.kz 03-10-2022 268

25.jpg 

Сарыағаш ауданындағы Самал мөлтек шағынауданында жуырда 900 орындық  мектеп пайдалануға беріледі.

Өңірде жыл сайын бала санының өсуіне байланысты №60 «Самал» жалпы орта мектебі үш ауысымға өту қаупі туындаған болатын. Осыған орай, жаңа мектеп ғимаратын салу үшін аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, бүгінгі таңда мектеп ғимаратының құрылысы аяқталуға жақын. 

Қазіргі таңда мектептің құрылыс жұмыстарын «ЖАҢА АРНА 2002» ЖШС-і жүргізуде.  

Жаңа білім ғимаратының жалпы аумағы – 2,6 гектарды құрайды. Аталған аумақта оқу корпустары, физика, химия, биология кабинеттері, асхана, спорт алаңшасы орналасқан. Аталған білім мекемесінің нысанын тапсыру мерзімі ағымдағы жылдың қазан айына жоспарланған.  

Айта кетсек бүгінгі таңда аудан бойынша 7 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 3 мектеп ағымдағы жылы пайдалануға берілсе, қалған 4 мектептің құрылысы келесі жылы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беру жоспарлануда.

 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі


Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері Түркістанда
Сарыағашта электро-шәйнек шығарылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу