Әкім депутаттарға атқарған жұмыстарын баяндады

Oinet.kz 05-10-2022 610

28.jpg

Түркістан облысы Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихат депутаттарының кезекті бас қосуы өтті. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігі хабарлады. 

Жиынға аудан басшысы Мұрат Қадырбек пен орынбасарлары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша Мұрат Болатұлы ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндап, алдағы жоспарларды таныстырды.

Бұқара мен биліктің арасындағы байланысты нығайтып, жергілікті жерлердегі өзекті мәселелердің оң шешімін табуына тұрғындарды да араластыру, азаматтар арасында мемлекеттік қызметкерлердің оң имиджін қалыптастыру мақсатында мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аудан басшысы қала, кент, ауылдық округтерде кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан 158 түрлі санаттағы мәселелер көтеріліп, оның 67-і нақты шешімін тапса, 91-і шешілу үстінде.

Сонымен қатар, аудан әкімі биылғы жылдың 8 айында өңірлік өнім көлемі 48,6 млрд теңгені, өнеркәсіп өнімінің көлемі 6,5 млрд теңгені құраған. Ал, өңдеу өнеркәсібі 4,9 млрд теңгеге жетіп, негізгі капиталға бағытталған инвестиция 7,6 млрд теңгеге жеткен. Бөлшек сауда 12,6 млрд теңге болған.

Одан бөлек, 8 айда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 17 450-ге жетіп, 20,1 млрд теңгенің өнімі өндірілген салада 20 443 адам жұмыспен қамтылған. Мемлекеттік қаржы институттары мен екінші деңгейлі банктер арқылы ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды қаржыландыруға 125 тұлғаға 350,2 млн теңге несие берілген. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында ауданда химиялық талшық, синтефон өндірісімен айналысатын «КазИнновация Лидер» ЖШС жоба қуаттылығын арттыру мақсатында құрал-жабдықтар сатып алу үшін 25 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілсе, «TURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 13 жобаның құжаттары рәсімделіп, сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсәпкерлікті дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 6908 адам қатыстырылып, әлеуметтік жұмыс орындарына 344 адам, алғашқы жұмыс орындарына 81 адам, жастар практикасына 760 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 1927 адам, «Ұрпақтар келісім шарты», «Күміс жас» жобалары аясында 25 адам жұмысқа жолданған.

Бизнес идеяларды қолдауға 84 адамға 102,9 млн теңге мемлекеттік грант, өз ісін ашуға 40 адамға шағын несие берілді. «Бастау-Бизнес» бағыты бойынша 1383 адам оқып, сертификат алған.

Аудан әкімінің негізгі баяндамасынан кейін Қарақай және Жылы су ауылдық округтері әкімдерінің, бірқатар бөлім басшыларының есептері тыңдалып, жоспарлары талқыланды. Маңызды мәселелер бойынша сұрақтар қойылды. Ұсыныстар айтылды.


Әскери борышын өтегендер оқуға ҰБТ-сыз түседі
Жетісайға келгендер өзін жайлы сезінуі тиіс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу