Кәсіпкерлердің мәселесі талқыланды

Oinet.kz 05-10-2022 519

41.jpg

Төлеби ауданы әкімдігі, аудан прокуратурасы және Түркістан облыстық Кәсіпкерлер Палатасының Төлеби аудандық филиалы бірлесе отырып кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жиын өткізді. 

Мәжілістің мақсаты – аудан кәсіпкерлерінің мәселелерімен танысу, оны талқылау және шешу жолдарын қарастыру. Аудан прокуроры Оразәлі Әбдіраманов төрағалық еткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Бақберген Құралбаев, аудандық кәсіпкерлер палатасының басшысы Маржан Мұсаева, «Аудандық кәсіпкерлер кеңесінің» төрағасы Ербол Жабаев, дербес бөлім басшылары, қала, ауылдық округ әкімдері және құқық қорғау, төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері мен кәсіпкерлер қатысты. 

Кездесу барысында «Достық» базары жанындағы Қ.Дүйсемұратұлы, Базар көшелеріне жол белгілерін орнату, балық шаруашылығын дамыту мақсатында жер мәселесін шешу, Еңбек бағдарламасы аясындағы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша грантқа қатысты мәселе, кадастр мәселесі, базарлардағы төтенше жағдайдың алдын-алу мәселелері жан-жақты талқыланып, нақты тапсырмалар берілді.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі. 


Ұстазға бас иген күн
Қорытынды кездесу Ленгірде өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу