Састөбе ажарлана түседі

Oinet.kz 05-10-2022 563

44.jpg

Түлкібас ауданы Састөбе кентіндегі саябақ аумағын абаттандыру жұмыстары басталды. Бұл жерде саябақ аумағы реконструкциядан өтіп, ішінен 2-балалар ойын алаңшасы, 1-стрит воркаут, велосипед жолы (велодорожка) салынып, орындықтар мен түнгі уақытта жарықтандыру шамдары орнатылып, айналасы толық қоршалатын болады.

Құрылыс жұмыстары бастау алған нысанға аудан әкімі Нұрлан Байғұт арнайы табан тіреп, жұмыс барысын бақылады. Жауапты мамандармен бірге саябақты аралап, нысанның сапалы әрі мерзімінде аяқталуын тапсырды.

Содан соң аудан басшысы кенттегі жаңадан бой көтерген емханаға ат басын бұрды. Аяқталып қойған нысан құрылыс барысында орын алған кемшіліктерге байланысты бүгінде пайдалануға берілмей отыр.

Нұрлан Мархабатұлы жауапты мердігерге анықталған кемшіліктерді жойып, тез арада іске қосу керектігін ескертті.

Келесі кезекте аудан әкімі кент аумағындағы проблемалық мәселенің бірі, кәріз жүйесіндегі ақау орын алған тұстарын аралап, жауапты мамандарға бұл мәселені тездетіп шешу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

2020 жылдың аяғында құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген кәріздік жүйе жауапты мердігер мен техникалық бақылаушы мекемелердің салғырттығынан бүгінде істен шығып отыр. 

Қазіргі таңда 5 жылдық кепілдік мерзімі аясында жүйені қайта қалпына келтіру мақсатында мердігермен сот процестері іске асуда. 

Дегенмен, аталған мәселені тез арада шешу мақсатында бүгінгі таңда аудан әкімдігі тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. 

Ауданымыздың батыс аймағына іссапарын Нұрлан Мархабатұлы Машат ауылдық округінде түйіндеді. Бұл жерде аудан әкімі жаңадан бой көтеріп жатқан Тұрсынбеков мектебі құрылысының бүгінгі жай күйін бақылады. Жауапты мамандар мен мердігерге кестеге сай құрылысты аяқтау керектігін ескертіп, нысанның сапалы болуын бақылауда ұстауды тиісті бөлім басшысына тапсырды. Айта кетерлік, нысан биылғы жылдың соңында дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі


Медицинаның проблемасы толық шешімін табады
Күн тәртібінде-салық берешегі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу