Тұрғындардың талабы ескерусіз қалған жоқ

Oinet.kz 07-10-2022 216

8.jpg

Түркістан облысы Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекованың кезекті халықпен кездесуінде тұрғындар көп терген түйткілді мәселелер талқыланды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

 Монтайтас ауылдық округіне қатысты Шағыр елді мекенінде өткен жиынға Арыс ауданының прокуроры Талғат Сейдуалиев пен қалалық кәсіподақ ұйымының жетекшісі Жебел Достанов және әкімдіктегі жауапты сала мамандары қатысып, көпшіліктің сұрақ-сауалдарына нақты жауаптар берілді.

Арыс әкімі Шағыр елді мекеніндегі мектеп ауласында жеке кәсіпкер салып жатқан спорт алаңшасының құрылысымен танысты. Мектептің акт залында ауыл тұрғындарымен ашық пікір алмасып, іске асырылған және жоспарланған жұмыстар жайында баяндады. Ауыл тұрғындарының ұсынысына сәйкес, Шағыр мен Ақтас, Қабылсай елді мекеніндегі бірнеше көшеге жақын күндері тас төселеді. Ал Атамекен елді мекеніндегі 10 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Ауыл – ел бесігі» жобасына ұсыныс берілген. Жұмыстар 2023 жылы жүргізілетін болады. 

Сонымен қатар басқосуда тұрғындар тарапынан электр қуатының әлсіздігі мен желілер мен бағаналардың ескіргені, Арысқа қатынайтын қоғамдық көліктің ауыл ішімен жүруі, интернет байланысының нашарлығы сынды әлеуметтік мәселелер айтылды. Қала әкімі мен саланың жауапты мамандары тарапынан ешбір сұрақ ескерусіз қалмады. Сондай-ақ, күрмеуі қиын мәселелердің шешілу жолдары тұрғындар пікірі назарға алына отырып, қызу талқыланды.

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың Монтайтас ауылына қарасты Шағыр елді мекенінде өткен кездесуде ауыл тұрғындары үй мен қора жайын құжаттандыру үшін Арыс пен ауыл арасында көп сабылып, шығынданатынын айтып шағымданған болатын. Әкім бұл мәселені шешудің тиімді жолын айтты. Жыл басынан бері әкімдіктің салалық құрылымдарындағы жауапты мамандардан арнайы жұмысшы топ құрылған. Бұл жұмыс оң нәтижесін беруде. 

- Бұл тапсырманы орындауды Монтайтас ауылының әкіміне елдің көзінше жүктеймін. Жұрт құжатын реттеу үшін қалаға қарай сабылып жүрмеуі тиіс. Керісінше, мамандар ел аралап, қалың елдің арасында жүрсін. Тұрғындар цифрлық қолтаңбамен қол қоятын кезде ғана Арыстағы Халыққа қызмет көрсету орталығына баруы тиіс. Ал жергілікті әкімдік азаматтардың қалаға барып-қайтуын қоғамдық көлікпен қамтамасыз етуі тиіс, – деді қала әкімі.


Балалар ән байқауы өтті
Созақта Ұлттық спорт мектебі ашылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу