Өзекті мәселелерге басымдық беріледі

Oinet.kz 14-10-2022 615

39.jpg

Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұттың халық алдындағы кезекті есептік кездесуі Ақбиік және Рысқұлов ауылдық округтерінде жалғасын тапты. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Дәстүрлі жиын Ел Президентінің үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауын насихаттаудан бастау алды. Нұрлан Мархабатұлы жаңа Қазақстан құру жолындағы мемлекет басшысы айқындап берген басым бағыттарды түсіндіріп, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тың реформаларды кеңінен тарқатып берді.

Қысқаша өткен есептік кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысына тоқталып, бүгінгі таңда іске асып жатқан жобаларды атап өтті. Сондай-ақ, аудан басшысы есептік жиындарда көтерілген барлық мәселе орындалғанша бақылауда тұратындығын жеткізіп, бірінші кезекте кезек күттірмейтін мәселелерді шешуге басымдық берілетінің ескертті.

Жалпы өткен есептік кездесулерде Ақбиік ауылдық округінде тұрғындар тарапынан 10 мәселе көтерілген болса, соның 1-і орындалып(Сарытөр ауылының электр қуатын арттыру), қалғаны қаржы мен уақыт қажеттілігіне қарай алдағы жылдың жұмыс жоспарына енгізілді.

Рысқұлов ауылдық округінде 9 мәселе көтерілген болса, соның бүгінгі таңда кезек күттірмейтін 1 мәселесі өз шешімін тауып отыр(ескірген электр бағаналарын ауыстыру). Қалған алдағы жылы мәселенің өзектілігіне қарай кезең-кезеңімен шешілетін болатын. 

Сонымен қатар, биылғы жылы қос округте өзекті болып келген медициналық тірек мәселесі де жыл соңына дейін шешімін таппақ. Ақбиік және Шұқырбұлақ елді мекендеріне заманауи фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысы іске асуда. Нысандар ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.


Мерекелік кеште жаңа кітаптың тұсауы кесілді
«Ауыл Ел-бесігі» шеңберінде жолдар жөнделуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу