Сайлау 2022: мүгедектерге қолайлы жағдай жасалуда

Oinet.kz 06-11-2022 206

11.jpg

Түркістан облысында жалпы сайлау құқығына ие мүгедектер саны - 60 510. Оның ішінде тірек-қимыл аппараты мүгедектері, көзі нашар көретіндер, құлағы нашар еститіндер саны - 10 595.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша,  барлық 893 тұрғылықты мекен-жайлар бойынша орналасқан сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне жағдай жасалған. 

Дауыс беретін орындар ғимараттардың бірінші қабаттарында орналастырылған, пандустар орнатылған, тактильді сілтеуіштер, жолақтар төселген.

Сондай-ақ, әрбір сайлау учаскесінде мүгедектігі бар азаматтарға арнайы құралдармен жабдықталған кабинкалар мен бұрыштар ұйымдастырылған.


«Күлпаршын базарында» дүңігіршектер пайдалануға берілді
Ордабасы ауыл шаруашылығын қорытындылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу