«Экобазарда» жәрмеңке өтіп жатыр

Oinet.kz 13-11-2022 202

5.jpg

Түркістан қаласында орналасқан «Эко базар» аумағында әр аптаның жұма-сенбі күндері Түркістан облысының ауыл шарушылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. 

Бүгін, 11-қараша күні «Эко базары» аумағына 68 тонна көлемінде облыстағы 4 ауданнан (Созақ, Кентау, Қазығұрт, Сауран аудандарынан) ауыл шаруашылық өнімдері әкелініп, базардағы бағадан 10-15% төмен бағада саудалануда. Сонымен қатар жәрмеңкеде Түркістан облыстық тұрақтандыру қоры тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларынан 10 тонна көлемінде күнбағыс майы, сәбіз, құмшекер, тұз, макарон өнімдері тұрғындарға төмендетілген бағамен ұсынылып жатыр. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


Дархан Сатыбалды: Шардараның әлеуеті өте жоғары
102 әлем чемпионын шығарған клубқа-автокөлік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу