Түлкібаста мектеп түлектері көпбалалы анаға үй сыйлады

Oinet.kz 25-05-2019 24348

f686244b-65e9-48fc-a713-322e6b5b63e1.jpg 

Бүгін соңғы қоңырау мерекесі қарсаңында Түлкібас ауданынының білім ошақтарының ішіндегі қара шаңырағы саналатын Абай мектеп лицейінің 1999 жылы мектеп бітірген түлектері игі іс жасады. Мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер 4 баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған анаға аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылынан 4 бөлмелі үй алып беріп, қуанышқа бөледі. 

     Баспаналы болған Юсупова Назира Жапарқұлқызы, көп жылдан бері баспанаға қол жеткізе алмай жүргенің айтып, қасиетті Рамазан айында 20 жылдық түлектердің сыйына алғысы шексіз екенің жеткізді. 

     Мичурин совхозында жұмысшы болып қызмет атқарған Назира Жапарқұлқызы сол маңайдағы Таусағыз ауылында жалдамалы пәтерде тұрған. Бүгінгі таңда бала күтімімен үйде отыр. 

ed1ae1a4-2241-42b0-84a1-acd8528da7fd.jpg

ed12aaae-c2cb-4f00-8f3c-da32a64f93b7.jpg

      Бұндай игі шара Түлкібас ауданында бірінші рет орын алып отырған жоқ. Былтыр дәл осы Абай мектеп лицейінің 1998 жылы бітірген түлектері 7 баласы бар жалғыз басты анаға аудан орталығынан төрт бөлмелі үй сыйға тартқан болатын. Игі шара 20 жылдық түлектер арасында дәстүрге айналғандай.

Анимациялық фильм арқылы туристерді тарту қолға алынды
Туристер әсем субұрқақта әуен тыңдайтын болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу