Тың жобаларымен Түркістанның дамуына үлес қоспақ

Oinet.kz 20-07-2019 755

Screenshot_6.jpg

Түркістандық жас кәсіпкер Мақсат Махмұджан «Инновациялық гранд» бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысып, 3 млн теңгені жеңіп алды.

Жігерлілігі мен замандастарына үлгі болып жүрген Мақсаттың басты мақсаты – өз жобасы бойынша жұмыс жасау.

Жас кәсіпкер  қала көлемінде алғаш рет жаңадан салынып жатқан ғимараттардың сыртын әрлеуді қолға алып отыр. «Фасад декор» жасап, Түркістанның гүлденуіне өзіндік үлесін қоспақ.

-«Фасад декордың» ерекшелігі, ғимараттың ішіне қарай суықты өткізбей ұстап тұрады. 4 см пенопласт жылуы 75 см қалыңдықтағы кірпіштің жылуымен пара-пар. Бұл тұрғыда ғимарттарды әрлеу басқадай бұйымдармен салыстырғанда шамамен 2 ай кетсе, пенопластқа небәрі 2 апта уақыт жұмсалады. Тағы бір айта кетерлігі, пенопласт жанбайды, тек ериді және жалынды тоқтатады. Ал, бағасына келсек, травертинмен салыстырғанда 4 есе арзанға түседі. Ісім алға басса, 5-6 азаматты жұмысқа тартып, қаламыздың өркендеуіне септігімді тигізсем деген жоспарым бар. Біз секілді жастарға тұрақты қолдау көрсетіп жатқан мемлекеттік бағдарламалардың кең мүмкіндік бергеніне зор ризашылығымды білдіремін – дейді жас кәсіпкер.

Мақсат Өмірзақұлы Қытай елінде жоғары білім алған. Бүгінде тың жобалары арқылы Түркістанның дамуына үлес қосып келеді. 

Түркістандық кәсіпкер сауап іс жасады
Түркістанда түрлі түсті құрт жасалады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу