Шымкент қаласындағы Қаратау ауданында жылыту маусымына дайындық жұмыстары аяқталып келеді

Oinet.kz 30-09-2023 180

Шымкент қаласында жылыту маусымына дайындық жұмыстары аяқталып келеді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, бүгінгі таңда  Қаратау ауданында алдағы жылу маусымына дайындық жұмыстары жүргізу бойынша арнайы жұмыс жоспары бекітілген.

Screenshot_30.jpg

«Қуат жылу орталық-3» коммуналдық кәсіпорнымен бірлесіп жүзеге асырылуы көзделген бұл жоспарға сәйкес, көп қабатты 447 тұрғын үйдің жылу жүйесіне сығымдау жұмыстарын жүргізуге қажет болатын. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында жылу желілерінің құрылысы мен инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің жұмысын жандандыруды жақсартуды тиісті министрлік пен қала билігіне тапсырып келеді. Тіпті осы шаруамен айналысатын монополист компаниялар жаңғырту жұмысын жүргізген жағдайда тарифты көтеру мәселесін де қарастырып отыр. Жалпы бүгінде қала жылыту маусымына дайын. Бүгінгі таңда пысықтау жұмыстары шаһардың Қаратау ауданында да жүргізілуде. онымен бүгінде 8 қызмет көрсетуші мекеме жылу жүйесін сығымдау қызметін көрсетеді. Бұл мекемелерде сығымдау жұмыстарын жүргізетін 12 арнайы бригада бар, - дейді қала әкімі. 

Қазіргі таңда аудан аумағындағы 447 көп қабатты тұрғын үйдің 428-і, яғни, 95,7 пайызында сығымдау жұмыстары атқарылған. Қалған тұрғын үйлерде бұл жұмыс бір-екі күнде толық аяқталмақ.

Сонымен қатар ауданда жаңадан пайдалануға берілген немесе жыл соңына дейін пайдалануға берілуі жоспарланып отырған көп қабатты 55 тұрғын үй бар. Аудан әкімдігі аталған тұрғын үйлерді салып жатқан құрылыс компаниялардың барлығына жылу маусымына дайындық жүргізу керектігін ескертіп, ресми хат жолдаған.   

Сонымен қатар, Қаратау ауданы әкімдігі әлеуметтік желілер арқылы тұрғындардың өздері көп қабатты үйлердің жылу жүйесіне сығымдау жұмыстарын жүргізу керектігін ескерткен. Бүгінгі күні бұл шаруаны Қаратау ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерге сервистік қызмет көрсетумен шаһардағы  «ОҚО үйлерді басқару», «Қызметкер СК», «Қызмет Сервис», «АлиаскарБамГрупп» және «Коммунал Сервис Ко» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерімен қатар «Исабаева», «Қазына», «Әділ», «Адал хаузинг» және «АБ-Нур» жеке кәсіпкерлік нысандары айналысуда. 

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданында инфрақұрылым мәселесі шешімін тапқан
Шымкент қаласында «Таулы Қарабақ» құрбандарына арналған арнайы бұрыш ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу