Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлер көптеп бой көтеруде

Oinet.kz 01-10-2023 183

Шымкент қаласында бірнеше шағынауданда көпқабатты тұрғын үйлер бой көтеруде. Соның бірсыпырасы Абай ауданына қарасты Бозарық пен Ақжайық шағын аудандарында тұрғызылуда. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков осындағы құрылыс жұмыстарымен арнайы танысып, Абай ауданына қарасты Бозарық шағынауданындағы жаңа нысандардың құрылыс қарқыны бойынша көшпелі жиын өткізді.

Screenshot_32.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында құрылыс саласына ерекше көңіл бөліп отыр. Бүгінде мегополисте тұрғын үй құрылысы қарқын алған. Тұрғын үй құрылысымен қатар инженерлік-инфрақұрылым жүйелері де салынуда. Мұның барлығы халықтың жайлылығын, шаһарда жайлы орта қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар, - дейді қала әкімі. 

Мәселен, Бозарық шағынауданда 74 гектар аумақта құрылыс жүргізіліп жатыр. Мұнда қалалық егжей-тегжей жоспарлау бойынша жалпы 183 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Қазіргі таңда 170,7 мың шаршы метрді құрайтын 2 198 пәтерлі 54 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында мұнда 2 мың  орынға арналған мектептің құрылысы қолға алынған. Көшпелі жиын барысында қала әкімі мердігер мекеме басшыларына құрылысты бекітілген мерзімде аяқтап, сапалы болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ қала әкімі Ақжайық шағын ауданында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмысымен танысты. Бүгінде мемлекеттік бюджет есебінен Ақжайық шағын ауданында 5 қабатты 26 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жоспар бойынша  биыл қалалық құрылыс басқармасының тапсырысымен көпқабатты 35 тұрғын үйдің  құрылысы жоспарланған. 

Қазіргі таңда арнайы бригадалар 58,1 мың шаршы метрді алып жатқан 780 пәтерлі тұрғын үйлердің негізін бетондау жұмыстарын атқаруда. Өндірістік кестеге сәйкес жыл соңына дейін ғимараттар қаңқасы көтеріліп, шатыры жабылатын болады. Құрылыс 2024 жылы аяқталып, жаңа үйлер пәтер кезегінде тұрған азаматтарға тапсырылады. 

Сондай-ақ қазір Тұран–2 шағын ауданында 572 пәтерлі 8 тұрғын үйдің, Бозарық шағын ауданында 2198 пәтерлі 54 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 

Шымкент қаласында «Таулы Қарабақ» құрбандарына арналған арнайы бұрыш ашылды
Шымкент қаласында «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу