Шымкент қаласының әкімі өнер адамдарымен кездесті

Oinet.kz 14-10-2023 144

Шымкент қаласында мәдениет саласында атқарылып жатқан жұмыстың ауқымы кең. Шаһардың мәдениетіне үлес қосып жүргендердің дені нағыз өнер адамдары. Жуырда қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мәдениет саласы өкілдерімен арнайы кездесіп, жүздесті. 

Screenshot_71.jpg

Кездесуге қатысқандардың арасында саланың үздіктері мен ардагерлері, ақын-жазушылар, суретшілер, қолөнер шеберлері, кітапхана, театр, музей, мәдениет орталықтарының басшылары бар. 

Қала әкімі болған жиында саладағы маңызды мәселелер талқыланып, мегаполистің мәдени өмірін жақсартуға бағытталған ұсыныс-пікірлер талқыланды. Зиялы қауым және мәдениет өкілдері қала әкіміне көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, саланы дамытуда маңызды бастамаларын жеткізді. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауларында білім, денсаулық салаларымен қатар мәдениет саласы қызметкерлерінің де жалақысын арттыруды алдымызға мақсат етіп қойып отыр. Сондықтан да біздің өнер адамдарына деген құрметіміз ерекше. Өйткені, қай кезде де мәдениет – халықтың рухани келбеті, ұлт айнасы. Ұлт руханиятының бір бөлшегі саналатын мәдениет саласының жұмысын жандандыру, туындаған мәселелердің дер кезінде шешімін табу - ортақ міндет. Осы орайда, өздеріңізбен арнайы кездесуді жөн санадым. Алдағы уақытта қала мәдениеті мен өркениетін дамыту бағытындағы жұмыстарды бірге жалғастырамыз – деді қала әкімі Ғабит Сыздықбеков. 

Мәдениет саласының өкілдері жатақхана, ғимарат, қала мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге озық ойлы жас мамандарды жұмылдыру сияқты өзекті мәселелерді көтерді. Сондай-ақ қалада «Наурыз айтысын» қайта жандандыру бастамасы айтылды.

Мәдениет саласында айтылған өтініштер мен ұсыныстар көп болды. Жалпы бүгінгі таңда бұл салада жүрген еңбек адамдарының жалақысының төмендігі де сөз болмай қалмады. Клубтар мен мәдениет үйлерін қалаға қарасты аудан аумақтарында салу, аула клубтарын ашу, мәден іс-шараларды көбейту жайы да сөз болды.

Қала басшысы жиында көтерілген барлық мәселенің оңтайлы шешілетінін жеткізіп, мегаполис мәдениетін көтеруге атсалысуға шақырды. 

Шымкент қаласының әкімі 200-ге жуық адамды жеке қабылдады
Шымкент қаласында құқық бұзушылық пен нашақорлыққа қарсы жұмыс жандана түсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу