Шымкент қаласының дәрігерлері алматылық әріптестерімен бірлесе күрделі ота жасады

Oinet.kz 15-10-2023 172

Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласы қарқынды дамып келеді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, соңғы жылдары қала медицинасында елеулі өзгеріс бар. Атап айтсақ, шаһарда күрделі оталар жасала бастады. Оның бірсыпырасы бұрын елімізде мүлде жасалмаған оталар. 

Screenshot_74.jpg

Жуырда шаһардағы диагностикалық орталық  дәрігерлері Алматыдан келген әріптестерімен тәжірбие алмасып, күрделі оталар жасады. Яғни, А. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының эндоскопия бөлімінің меңгерушісі Ерлан Әбдірашевтің жетекшілігімен орталықта асқазан және тоқ ішек жолдарына  ота жасалды. Операция кезінде хирургтар эндоскопия аппаратын қолдана отырып, тіліксіз әдіспен ісіктерді алып тастады. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды», - дейді. Дегенмен денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Соның нәтижесінде шаһардағы денсаулық сақтау ғимараттары жаңарып, жұмыс барысы жаңа бағыт алды. Қаладағы денсаулық мамандары шетелдік және отандық әріптестерімен бірлесе шаһар медицинасының дамуына өз үлестерін қосуда. Қала қалқы да бұрынғыдай шет елге сабылмайтын болды. Күрделі ота жасайтын дәрігерлерлеріміздің өзімізде көп болуы, бізді де халықты да қуантып отыр, - дейді қала әкімі Ғабит Сыздықбеков.

Қаладағы медицина мамандары алматылық әріптестерімен тәжірибе алмасу барысында бес науқасқа жабық операция жасады. Дәрігерлердің айтуынша, отадан кейінгі науқастардың жағдайы жақсара түскен.

Атап өтерлігі, қалалық диагностикалық орталықта урологиялық, проктологиялық, ортопедиялық сынды көптеген ота  түрлері  жасалады. Бұл үшін мұнда жоғары технолониялық аппараттар мен білікті мамандар жеткілікті. Сондай-ақ медициналық мекемедегі мамандар жыл соңына дейін Ресейдегі  әріптестерімен бірге тәжірибе алмасып, күрделі ота жасауды меңгермек.

Шымкент қаласында этномәдени бірлестіктер «Қазақ дастарқаны» фестиваліне қатысты
Шымкент қаласында оқушылар арасында тұмау таралуы тіркелген жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу