Шымкент қаласында 5 мектеп пайдалануға берілді

Oinet.kz 16-10-2023 1655

Шымкент қаласында биыл 3450 орындық 7 мектептің құрылсын жүргізу жоспарланған. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, бүгінгі таңда оның 5-еуінің құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілген. 

Screenshot_76.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында алдағы жылдары елімізде «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынатынын нақты айтты. Бұл Президентіміздің алдыңғы«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында көтерілген болатын. Жалпы Шымкент қаласында биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 17 300 орынға арналған 12 мектеп салу жоспарланған.  

- Биылдан бастап Президентіміздің тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын қолға алынды. Мемлекет басшысы Жолдауында «Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек», дей отырып, әрбір өңірдің ерекшелігіне қарай мектеп салуды тапсырды. Бүгінгі таңда қаламызда осы «Жайлы мектеп» жобасы аясында биыл 17 300 орынға арналған 12 мектептің, 2024 жылы 20 400 орынға арналған 13 мектептің құрылысы басталатын болады. Президент Жолдауында бұл білім нысандарын жемқорлыққа жол берген, олардың заңсыз тапқан қаржысы есебінен салуды ұсынған. Яғни, Мемлекет басшысы «Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс. Үкімет осы бастаманы заң тұрғысынан рәсімдеу туралы шешім қабылдауы керек» деп қаржы көзін де анықтап берген еді Жолдауда, - деді қала әкімі.

Жалпы биыл жоспарланып ашылған 5 мектептен өзгесінің бірін жыл соңына дейін аяқтау көзделген. Ал жетінші мектеп құрылысы келесі жылға өтпелі. 

Сонымен қатар 2023-2024 жылдары жалпы 33,5 миллиард теңгеге 12 мектептің құрылысы жоспарланған.  Қазіргі таңда, 9 мектептің құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.  Ал 3 мектептің құрылысын жыл соңына дейін бастау жоспарлануда. Қалған 6 мектептің құрылысын 2024-2025 жылдары іске асыру жоспарда бар.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес дайындалған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы  бүгінде өзінің нәтижесін беруде. Жоба аясында мектептер салына бастады. Оның нәтижесін алдағы уақытта Шымкент қаласының тұрғындары көретін болады.  

Шымкент қаласында оқушылар арасында тұмау таралуы тіркелген жоқ
Шымкент қаласында Бәйдібек би-Арғынбеков жолайрығының айналма жолы ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу