Шымкент қаласының әкімі қоғамдық кеңес отырысына қатысты

Oinet.kz 15-10-2023 388

Шымкент қаласының әкімі халықпен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Түрлі қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің жұмысына да қолдау білдіруде. Жақында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қалалық қоғамдық кеңес отырысына қатысып, мегаполисті дамытуда өзекті мәселелер аясында пікір алмасты. Жиында жергілікті халықтың тұрмысын жақсарту, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау тұрғысында бірқатар ұсыныс талқыланды.  

Screenshot_80.jpg

- Біз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес халықпен және қоғамдық кеңестермен жиі кездесулер өткізіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдап, олар көтерген мәселелердің шешу жолдарын қарастырып келеміз. Халық тарапынан жиі көтерілетін мәселе, бұл – баспана. Содан кейін жер мәселесі. Біз қолымыздан келгенше заң шеңберінде ақыл-кеңесімізді айтып, бағыт-бағдарымызды береміз. Қалаға кіретін шағын аудандардан түсетін сұрақтардың дені жол, инфрақұрылымға қатысты. Бұл бағытта шаһардың үш жылдық бас жоспары жасалған. Ол бойынша барлық бағытта құрылыс жұмыстары рет-ретімен атқарылуда. Біз әрбір тұрғынды тыңдап, оның жеке мәселелерін заң талаптары аясында шешіп беруге күш саламыз, - дейді Ғабит Сыздықбеков.  

Жалпы, есептік кезеңде қоғамдық кеңестің отырыстарында 52 мәселе қаралып, 22 хаттама түзілген. Мемлекеттік мекемелерге 212 хаттамалық ұсыным жолданды. Осыған дейін 91 нормативтік құқықтық акт жобалары қаралып, қорытынды берілген екен. Еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қоғамдық кеңестің жұмыстарын жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныс жолданған. 

- Халықтың мұң-мұқтажы, өзекті мәселерімен етене танысып, оңтайлы шешім қарастыруда сіздермен тығыз байланыста жұмыс істеу өте маңызды. Себебі әрқайсысыңыз өз салаңызда халықтың көкейіндегі сұрақтарға қанықсыздар. Қала тұрғындарының өмір сапасын арттыру бағытында шешімдер қабылдауда өздеріңізбен пікір алмасып отырамыз. Азаматтарымыздың кейбір талап-тілектері қабылдау үстінде шешімін тапса, енді бір басқа да ұсыныстар мен талап-тілектер хаттама негізінде назарға алынып отырады. Сондай-ақ қабылдауға келген тұрғындарға жұмыспен қамту шараларына, баспанамен қамтуға, кәсіпкерлікке қатысты түрлі мемлекеттік бағдарламалардың шарттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Біз әрдайым өздеріңіз бен халықтың ұсыныс-тілегіне көңіл бөлетін боламыз, - деді қала әкімі Ғабит Сыздықбеков.

Шымкент қаласында Ақтас елдімекеніне табиғи газ берілді
Шымкент қаласында 256 азаматпен түзілген келісім шарт бұзылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу