Шымкент қаласында үш мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматқа көмек көрсетілді

Oinet.kz 14-10-2023 199

Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, жалыз ілікті қарттарға барынша көмек көрсетілуде. Бұл жұмыспен қаладағы жұмыспен қамут және әлеуметтік қорғау басқармасы айналысуда. 

Screenshot_83.jpg

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекованың айтуынша, қалада арнаулы әлеуметтік қызметтер әлеуметтік салада психоневрологиялық ауытқуы бар, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедек балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар азаматтарға, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жалғызілікті І-ІІ топтағы мүгедектер мен қарттарға стационар, жартылай стационар және үйде қызмет көрсету жағдайында жүзеге асырылады екен. 

Бұл бағытта Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты 11 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары жұмыс істейді. Онда 1 мыңнан астам маман қызмет көрсетуде. Жыл басынан бері 3346 адам оңалту шараларымен қамтылған. Оның ішінде 953 азаматқа әлеуметтік қызметкерлер үйлеріне барып қызмет көрсетеді. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауларында әлеуметтік сала назардан тыс қалмаған. Президентіміз бірінші кезекте мүмкіндігі шектеулі азаматтарға билік тарапынан барлық қолдау жасалатынын айтып отыр. Жалпы елімізде әлеуметтік қызметкерлер ерекше күтімді қажет ететін азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, өмірлік қиын жағдайларда қолдау көрсету мақсатында 8 бағытта қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, әлеуметтік-медициналық, тұрмыстық, педагогикалық, психологиялық, еңбек, экономикалық, мәдениет және әлеуметтік-құқықтық қызметтері бар. Оның ішінде үйде қызмет көрсету жағдайында ерекше балалардың денсаулығына қарай төсектен тұру, киіну, жуыну, тамақ ішу мәдениеті, дәрет ыдысын пайдалану, серуенге шығу, сабағын дайындау секілді қызметтерді көрсетіп, қоғамға бейімдейді, - дейді Балмаржан Нарбекова. 

Оның айтуынша, сала мамандарына артылған талап пен міндет те жоғары. 1 шілдеден бастап күшіне енген әлеуметтік кодекс аясында әлеуметтік қызметке мұқтаж адамдарға оларға қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлерді таңдау мүмкіндігі ұсынылуда. Осы мақсатта 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін әлеуметтік қызметкерлердің реестрі жасалған. Онда әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігі, көрсететін қызметтердің түрлері мен сапасы, жұмыс нәтижелері туралы ақпарат болады. Бұл қызметті тұтынушыларға бәсекелестік ортадағы әлеуметтік қызметкерлерді таңдауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік жұмысқа тек тәуелсіз кәсіби біліктілікті бағалау жүйесінен өткен, сертификатталған мамандар ғана жіберіледі.

Шымкент қаласында тазалық акциясы жалғасуда
Шымкент қаласында кәсіподақ мүшелерінің еңбегі жоғары бағаланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу