Шымкент қаласында ми қан тамырларына жасалған ота сәтті өтті

Oinet.kz 13-10-2023 138

Шымкент қаласында денсаулық саласы жыл санап дамып келеді. Соңғы жылдары мегополист дәрігерлері де күрделі оталарды өз клиникаларында жасай бастады. Жуырда қалалық №2 ауруханасында жоғары санатты нейрохирург Мыңжылқы Бердіходжаевтың жетекшілігімен күрделі оталарды жасау бойынша шеберлік-сыныбы өтті. 

Screenshot_84.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында білім және денсаулық салаларына жақсы көңіл бөлініп келе жатқаны айтылды. Президентіміз: «Бүгінде менің бастамаларымның басым көпшілігі жүзеге асты. Бірқатар жұмыс жалғасып жатыр. Осы орайда халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өткім келеді. Мысалы, 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді. Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көрді – тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болды. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр», дей келіп, алдымызға үлкен міндеттер мен бастамаларды қойды. Жалпы бүгінде Шымкент қаласында дәрігерлердің біліктілігі мен күрделі оталар жасау мүмкіндігі жоғарылай түсті. Оны өз тәжірибемізден де айтып, көрсете аламыз, - дейді  Мыңжылқы Бердіходжаев.

Тәжірибе алмасу кезінде аурухана базасында  инсульттен келетін қауіпті алдын алу үшін төрт науқастың мидағы қан тамырына күрделі ота жасалды. Операциялар сәтті өтті. Мамандар дер кезінде анықтаған ми тамырларының қауіпті патологиясы мен сәтті жасалған шұғыл ота науқастардың өмірін сақтап қана қоймай, оның белсенділігін толық қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Айта кетейік, осыған дейін мұндай оталар Астана, Алматы және  шетелдерде жасалатын. Еліміздегі жетекші нейрохирург  Бердіходжаевтың  қатысуымен өткен шеберлік сыныбында жергілікті дәрігерлер ота жасауда тәжірибелерін шыңдап, кәсіби біліктіліктерін арттырды.

Шымкент қаласында кәсіподақ мүшелерінің еңбегі жоғары бағаланды
Шымкент қаласында биыл 104 көше жарықтандырылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу