Шымкент қаласында Қазақстан шахмат федерациясының филиалы ашылды

Oinet.kz 11-10-2023 121

Шымкент қаласында шахмат айындары бойынша жарыс өтуде. Қазақстан шахмат федерациясының маркетинг директоры Ернұр Советқали дың айтуынша, Шымкент қаласына келгенге дейінгі бір ай уақытта республикамыздың бар өңірін аралап келе жатқан «Шахмат керуенін» мегополис тұрғындары құшақ жая қарсы алған.

Screenshot_90.jpg

10 қыркүйекте жолға шыққан керуен бұған дейін  Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Қарағанды, Семейден бастап, 10 қаланы жүріп өткен. Керуеннің келуіне орай салтанатты іс-шара өтіп, Қазақстан шахмат федерациясының Шымкент қаласындағы филиалы ашылды. Ал, арнайы тігілген мобильді киіз үйде гроссмейстермен бір мезеттік ойын сеансы, сондай-ақ  «Шахмат керуенінің» жартылай финалы ұйымдастырылды. Жалпы елімізде 7 мыңға жуық шахмат секциясы бар екен. Онда 253 мыңнан астам адам интеллектуалды спорт түрін меңгеруде. 

Керуен идеясы саудамен қатар, елдердің мәдени және спорттық мұрасын әлемге танытқан Ұлы Жібек жолына негізделген. Freedom Broker бас серіктесінің қолдауымен жүзеге асып жатқан республикалық жоба – өңірлерде шахмат спортын кеңінен насихаттауды мақсат етіп отыр.

– Облыстық кезеңде оза шапқан I, II және III орын жеңімпаздарына 100 000, 50 000, 30 000 теңге көлемінде сыйақы беріледі. Сондай-ақ олар қараша айында Түркістанда өтетін гранд-финалға жолдама алады. Бас финалдың жүлде қоры – 5 000 000 теңге. Одан бөлек, әр жартылай финалдың 3 қатысушысы «Әйелдер арасындағы үздік нәтиже», «50 жастан жоғары үздік қатысушы» және «16 жасқа дейінгі үздік ойыншы» аталымдары бойынша марапатталып, ақшалай сертификаттарға ие болады, – деді Қазақстан шахмат федерациясының маркетинг директоры Ернұр Советқали.

Екі ай ішінде еліміздің 18 аймағын аралап жүріп, турнир өткізіп шығатын автокеруен қарашада Түркістан қаласында ойынды қорытындыламақ. 

Шымкент қаласында жастарға арналған жаңа жоба жұмысын бастады
Шымкент қаласында ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу