Шымкент қаласында 170 адам баспаналы болды

Oinet.kz 09-10-2023 171

Шымкент қаласында баспаналы болған азаматтар қатары артып келеді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, Шымкент қаласында 170 отбасы тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болған. 

Screenshot_97.jpg

Жалпы баспана әрбір адамның арманы. Бүгінде мемлекет тарапынан қабылданып жатқан бағдарламалар мен жобалар ел азаматтарының баспаналы болуына жол ашуда. Әсіресе, жастарды қолжетімді баспанамен қамту – Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып отыр. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық экономика құрылымында баса мән беріп отырғаны халықты тұрғын үймен, таза ауыз сумен, көгілдір отынмен, жалпы қала мен ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеру. Яғни, мұның барлығы құрылыс саласымен байланысты екені де белгілі. Қазіргі таңда құрылыс саласы бойынша шаһарымызда көп жұмыстар атқарылу үстінде. Бүгінгі таңда екі жүзге жуық көпқабатты тұрғын үй салынуда. Жуырда қаламызда 170 отбасы тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды. Олардың 76-сы көпбалалы, 16-сы толық емес, 74-і мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған  отбасыларға және төртеуі мемлекеттік қызметкерге берілді, - дейді қала әкім. 

Талаптарға сәйкес қайтарымсыз 1 миллион теңге әлеуметтік көмек ретінде өтініш берушінің және отбасы мүшелерінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен соңғы 6 ай ішінде орташа табысы 125 757 теңгеден аспаған жағдайда, мемлекеттік бағдарлама аясында «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20» «Шаңырақ» бағыттары шеңберінде несие беріледі. Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар есептелмейді.

- Шындығына келгенде баспаналы болу әрбір жас отбасының арманы. «Бақытты отбасы»  бағдарламасы туралы ақпаратты әлеуметтік желіден оқып, құжатымызды жинастырдық. Төлем қабілетіміз де екінші денгейлі банк талаптарына сәйкес келді. Атап өтерлігі, біздің отбасымызға бұл бағдарламаның үлкен көмегі тиді. Конкурстан өту үшін, ең бастысы, бағдарлама талаптарымен жіті танысып, құжаттарды дұрыс жинау керек. Сондай-ақ, өтініш берушілерге тапқан үйіңіздің құжаттарын қаржы орталығына бармай жатып, мұқият тексеріп алуға кеңес беремін. Өйткені, үйге қатысты банктің қатаң талаптары бар. Таңдаған үйіңіз сол талаптарға сай әрі құжаттары дұрыс болуы қажет. Бүгінгі таңда «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында беріліп жатқан Үкіметтің қолдауы өте тиімді. «Біріншіден, бастапқы жарнасы 5 пайыздан аспайды, несие бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 5 пайыз. Ал несие мерзімі – 19 жыл. Балаларымыз есейгенше бұйыртса, ипотекамызды толық төлеп бітіреміз. Бұл өте тиімді. Себебі, қазіргідей қымбатшылық заманда жастар өздігінен мұндай қаражатты жинай алмайды ғой. Мен жұбайымның бастамасымен, соның атынан баспаналы болып отырған жайымыз бар, - дейді баспанаға қол жеткізген жастың бірі бізге берген сұқпатында. 

Шымкент қаласында жастар бас қосып зианды заттардан бас тартты
Шымкент қаласында имамдар мен өзге дін өкілдері спорт алаңында кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу