Шымкент қаласында еріктілердің рөлі артуда

Oinet.kz 08-10-2023 160

Шымкент қаласында волонтерлер қоғамдық жұмыста өз іскерліктерімен ерекшеленуде. Қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исаховтың айтуынша, 2020 жылдан бастап орталықта волонтерлікті дамыту бағытында фронт-офисі құрылып, жұмыс істеуде. Қазір қалада 10-нан астам үлкен волонтерлік ұйым бар. Олар спорттық, қоғамдық іс-шараларға белсене атсалысуда екен.

Screenshot_99.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған волонтерлер пандемия кезінде өз белсенділіктерін көрсетті. Жалпы елімізде волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасы аясында бірқатар табысты жобалар іске асты. Мемлекет басшысы осы салада нақты стратегиялық векторды белгілей алатын жаңа Жол картасын дайындау қажеттігін мәлімдеген еді. Осыған орай «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ бүкіл республика бойынша «Волонтерлікті қолдау және 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасы» жобасына ұсыныстар мен ұсынымдар жинау мақсатында іс-шаралар мен кездесулер кешенін бастады, - дейді ол.

Қыркүйек айынан басталған іс-шаралар кешені Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Оған Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, үкіметтік емес ұйымдарының және волонтерлікті дамыту саласындағы халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

– Өңірлердегі іс-шаралар барысында волонтерлікті дамытуға ықпал ететін табысты тәжірибелер мен жобалар анықталып, волонтерлік саладағы проблемалар мен қажеттіліктер талданады. Және 2024-2026 жылдарға арналған волонтерлікті дамытудың Жол картасына ұсыныстар мен ұсынымдар жиналады. Жол картасы аясында волонтерлік қызметті мемлекеттік қолдаудың стандарттары айқындалады, – деді Қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов.

Оның айтуынша, Шымкент қаласында осы кешенді іссапар аясында мемлекеттік қызметкерлермен, волонтерлік ұйымдармен оқыту-семинарлар ұйымдастырылмақ. Онда жол картасының жобасын дайындау бағытында әр өңірдің ерекшелігі, мәселелелері талданатын болады.  

Шымкент қаласында имамдар мен өзге дін өкілдері спорт алаңында кездесті
Шымкент қаласында «Нұрсәт» шағынауданында жаңа гүлзар салынуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу