Шымкент қаласында Азия ойындарының жүлдегерлері марапатталды

Oinet.kz 15-10-2023 424

Шымкент қаласының спортшылары XIX Жазғы Азия ойындарында жақсы ойын өрнегін көрсетті. Кеше XIX Жазғы Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және олардың бапкерлерін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қабылдап, марапаттады. Спортшылардың құрметіне арналған іс-шараға мәслихат депутаттары, спорт мектебі басшылары қатысты. 

Screenshot_18.jpg

«Шымкент қаласында спорт саласына жақсы көңіл бөлінгенін бүгінгі таңда ХІХ жазғы Азия ойындарының қорытындысынан көріп отырмыз. Шымкенттіктердің ел қоржынына салған жүлде қоры да салмақтылау. Шаһарда қала әкімдігі тарапынан спорт саласына әрдайым қолдау көрсетілуде. Осындай қолдаудың нәтижесінде шымкенттік спортшылар Жазғы Азия ойындарында жарқын жеңіске жетті. Қытайдың Ханчжоуда өткен бәсекеде қала спортшылары 5 алтын, 10 күміс, 11 қола медальға ие болды. 

Қала әкімі жеңімпаздар мен жүлдегерлерді және олардың бапкерлерін құттықтап, спорт саласының дамуына барлық жағдай жасалатынын атап өтті. 

– Мемлекет басшысы елімізде спорттың дамуына айрықша назар аударып отыр. Мінекей, осы бағытта атқарылған жұмыстың нәтижесінде жоғары жетістіктерге қол жеткіздік. Кезекті Жазғы Азия ойындарында сіздер намысты қолдан бермей, биік белестерді бағындыруға деген құлшыныстарыңызды көрсеттіңіздер. Бұл ретте бапкерлердің еңбегі ерен. Қалада спорт инфрақұрылымын дамытуда жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады, – деді қала әкімі. 

Ғабит Әбдімәжитұлы спортшылар мен бапкерлерге Алғыс хат және қаржылай сертификаттарды табыс етті. Шаһар басшысы спортшыларға алдағы Олимпиада ойындарында сәттілік тіледі. Жазғы Азия ойындарына Шымкент қаласы республикалық мәртебе алғаннан кейін алғаш рет дербес команда рет қатысты. Жергілікті спортшылар Олимпиада Ойындарына лицензияларды жеңіп алу үшін түрлі халықаралық жарыстарда бақ сынайтын болады.

Шымкент қаласында жылыжай кешенін дамытуға көңіл бөлінуде
Шымкент қаласында жылу 20 қазаннан беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу