Скринингтен өту

Oinet.kz 05-04-2024 109

Қандай ауруларды ерте анықтау үшін скринингтер жүргізіледі  және қандай жас топтары үшін?                                                                        

Screenshot_31.jpg

Скрининг - бұл белгілі бір жастағы немесе санаттағы сау адамдарды профилактикалық медициналық тексеруден өткізу, қауіпті факторлар мен ауруларды ерте сатысында анықтау       

Скринингтер белгілі бір ауруларға және белгілі бір жас топтарына өткізіледі ⬇️       

Скринингтен өту үшін мекен жай бойынша тіркелген емханаға хабарласу керек       

Ол үшін әр емханада скринингтік бөлмелер бар       

  • жатыр мойны обыры бойынша: осы аурумен есепте тұрмайтын 30-70 жас аралығындағы әйелдер. Жиілігі: 4 жылда бір рет. Скрининг аяқтау мерзімі 60 күн;

  • сүт безі обыры бойынша: осы аурумен тіркелмеген 40-70 жастағы әйелдер.          Жиілігі: 2 жылда 1 рет Скрининг аяқтау мерзімі: 60 күн;

  • тоқ ішек және тік ішек ісігі бойынша: 50-70 жаста осы ауру бойынша есепте тұрмайтын ерлер мен әйелдер. Жиілігі: 2 жылда 1 рет Скрининг аяқтау мерзімі 60 күн.

Шымкент жастарынан 10 тонна гуманитарлық көмек жолға шықты
Колоректальды обыр көбейіп тұр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу