Шымкенттік ҚХА гуманитарлық көмектің төртінші легін солтүстікке жөнелтті

Oinet.kz 17-04-2024 95

Бүгін 16 сәуір күні Шымкенттегі қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы ашқан бекеттен 33 тонна гуманитарлық көмек жүк көлігіне артылып, тасқын судан зардап шеккен Солтүстік Қазақстан облысына аттанды. 

Screenshot_1.jpg

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» жобасы аясында жиналған құны 9,5 млн. теңгеден асатын көмек қатарында азық-түлік өнімдері мен керекті заттар жиынтығы (тазартылған ауыз су, минералды су, ұн, макарон өнімдері, күріш, тушенка (бұқтырылған ет), балалар тағамы, сүт, жедел пісетін кеспе, қант, өсімдік майы, печенье, тұз, шай сынды түрлі азық-түлік өнімдері мен сүлгі, жөргек (подгузник), кір жууға арналған ұнтақ (порошок), сабын, шампунь, тіс пастасы, дәретхана қағазы, ыдыс жууға арналған сұйықтық, гигиеналық заттар, ылғалды салфетка, аяқ киім, матрас, одеяло, төсек жаймасы, төсек қапшығы және т.б.) бар.  

Бұл жолы жергілікті ассамблея белсенділері су алған өңірлер үшін аса қажетті: үрлемелі қайық, су соруға арналған насос, резіңке етік, ұзын резіңке етік, құтқарушы жилеткасы, фонарь, күрек, қолғап, шланга сынды заттар топтамасын да қоса жөнелтті.

Айта кетейік, осыған дейін Шымкент қалалық ҚХА-ның үйлестіруімен 60 тоннадан астам (құны 40 млн. теңгеден астам) гуманитарлық көмек су тасқынынан зардап шеккен Атырау  және Батыс Қазақстан облысына үш лекпен жөнелтілген болатын. 

Өз кезегінде ассамблея белсенділері игі іске асталысып, сын сағатта қол созған шымкенттік компаниялар мен қарапайым тұрғындарға алғыс білдіреді.

Шымкент: Жамбы атудан азия чемпионатының ашылу рәсімі өтті
Токаев: Правительство не оставит никого без соответствующей заботы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу