Келес ауданында 7-сынып оқушысының ғылыми жобасы ветеринарларды таң қалдырды

Oinet.kz 23-12-2024 74

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауларында белгіленген мақсат-міндеттерді іске асыруда ветеринария саласына да зор жауапкершілік жүктеледі. 

Screenshot_31.jpg

Ол – биологиялық қауіпсіздікті сақтау, соның ішінде жануарлар мен адамдарға ортақ аса қауіпті жұқпалы ауруларды анықтау, алдын алу және емдеу, адамдар тұтынатын мал өнімдері мен шикізаттардың тіршілікке қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осынау мемлекеттік маңызды міндеттер тізбегінде ветеринарлардың атқарар міндеті бүгінде зор. 

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың айтуынша ауданға қарасты ауылдық округтерде 10-нан аса ветеринариялық пункт қызмет көрсетеді. Жалпы ауданда мал басы едәуір артқан.  

- Біздің негізгі міндетіміз – аудан көлемінде ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Атап айтқанда, жануарлар ауруларының алдын алу, оларды емдеу, ауыл шаруашылығы жануарларының есепке алынуын қамтамасыз ету, жануарлардан алынатын өнімдердің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықты адам мен жануарға ортақ аурулардан қорғау. Біз сондай-ақ осы салада жаңалық ашып жүрген жастарды қолдап отырамыз. Мәселен, біздің ауданындағы №35 А.Оразбаева атындағы жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы Сапарбай Рамазан «Мал ауруларын ерте анықтау жүйесі» тақырыбында ерекше ғылыми зерттеу жұмысын жүргізді. Біз ол оқушының жобасын сала мамандарымен бірге талқыладық та. Біздің аудан мектептерінде осындай ғылымға ден қойған оқушылардың бары қуантады, - дейді аудан басшысы.

Ал №35 А.Оразбаева атындағы жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы Сапарбай Рамазан бұл жобаны ұстазымен бірге жүзеге асырғанын айтты. «Мал ауруларын ерте анықтау жүйесі» тақырыбында ерекше ғылыми зерттеу жұмысты жүргізуге ауылда тұрып, мал ұстайтындығымыз себеп болды. Оның үстіне бүгінде мал ауруы да көбейген. Адамдар мал етін жиі тұтынатындықтан, меған осы тақырыпты зеріттеген қызық көрінді. Сөйтіп осы тақырыпқа зеріттеу жүргізіп қорғап шықтым, - дейді Сапарбай Рамазан.

Зерттеу барысында жоба макетін де құрастырды. Бұл жоба ауыл шаруашылығын дамытуға, малдың денсаулығын сақтау арқылы өнімділікті арттыруға бағытталған. Оқушының ғылыми жетекшісі, биология пәні мұғалімі Пармбетова Айнурдың айтуынша, жобаны зерттеуді шәкіртінің бастамасымен бастаған.

- Шәкіртімнің бұл жобасы ауыл шаруашылығындағы маңызды мәселелердің бірі мал ауруларын дер кезінде анықтауға көмектеседі. Макетте арнайы сенсорлар мен деректерді талдау жүйелері қарастырылған. Болашақта бұл жүйе мал дәрігерлерінің жұмысын жеңілдетіп, ауыл шаруашылығындағы шығынды азайтуға септігін тигізеді, – дейді Пармбетова Айнур.

Аталған жоба аудандық «Зерде» байқауында үздік жұмыстардың қатарынан көрініп, әділқазылардың жоғары бағасына ие болыпты. Мұндай ғылыми жобалар оқушылардың зерттеушілік қабілетін шыңдап, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді. Бір атап өтерлігі, жас ғалым отбасында ірі қара малдың бір түрі жылқы өсіреді. Ауылда тұрғандықтан отбасында жылқы қарап қолғабыс танытып жүр.

Төлеби ауданында жеке кәсіпкер көпбалалы анаға баспана салып берді
Отырар ауданында ауыл шаруашылығы өнімін арттыруға басымдық берілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу