Республика күні: Қобда ауданында екі жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді

Oinet.kz 26-10-2025 26

_gluster_2025_10_26_023676a8f3ae5923a03ff3f22573b252_1280x720 (1).JPG

Қобда ауданында халықтың денсаулығын сақтау саласында тағы бір игі қадам жасалды. Жарық және Өтек ауылдарында жаңа медициналық пункттер пайдалануға берілді.

Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев, аудан әкімі Ізгілік Тынымгереев, сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларының өкілдері қатысты.

Жарық ауылындағы медициналық пункт Мемлекет басшысының ауылдық аймақтарды дамыту және медициналық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының аясында салынса, Өтек ауылындағы нысан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша бой көтерді.

Құрылыс жұмыстарын «Рус Тал» және «Ақтөбе Адал Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері белгіленген мерзімде орындады.

«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен өңірлерде медициналық инфрақұрылым қарқынды дамып келеді. Облыс көлемінде жаңа денсаулық сақтау нысандары салынып, қолданысқа берілуде. Биылғы жылы облыс бойынша 11 жаңа медициналық пункттің құрылысы жүргізілуде. Бұл жұмыстар ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған», – деді облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев.

Бүгінгі күні қолданысқа берілген заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген жаңа медициналық пункттер Өтек және Жарық ауылдарының 500-ден астам  тұрғынына алғашқы және шұғыл медициналық көмекті сапалы түрде алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Қобда ауданында 27 медициналық мекеме халыққа қызмет көрсетуде. Оның ішінде 1 аудандық аурухана, 6 дәрігерлік амбулатория,  2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 18 медициналық пункт бар.

День Республики: В Кобдинском районе введены в эксплуатацию два новых медицинских пункта
Шаттыққа толы күн: Шымкент аспанын батпырауықтар фестивалі көркейтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу