Шымкентте тұрмыстық газ жарылып, бір адам қаза тапты

Oinet.kz 20-01-2026 42

Шымкентте тұрғын үйде газ жарылып, үш адам зардап шекті. Олардың бірі алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды. Ер адам 30 жаста болған. Қалған зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

image.png

Қайғылы оқиға Абай ауданына қарасты Ынтымақ шағын ауданында болған. Қалалық газ-техникалық қызметтің мәліметінше, жарылыс тұрғын үй ішінде табиғи газдың жиналып қалуынан болған. Алдын ала дерек бойынша, кешкі уақытта газды тексеру кезінде сіріңке жағылып, соның салдарынан газ тұтанып кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға кешкі сағат 18:30 шамасында орын алған  және өрт бірден өршіп, жалын қысқа уақытта бүкіл үйді шарпыған.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Тиісті қызметтер тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Айта кетейік, өткен жылы Шымкент қаласында тұрмыстық газдың жарылуына байланысты үш жағдай тіркелген. Ол оқиғаларда зардап шеккендер болғанымен, адам өлімі фактілері тіркелмеген. Қалалық газ қызметі тұрғындарды газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Құқықтық қызметтер жаңаруда: бақылау, жауапкершілік, технология
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу