Шу ауданында 12 жастағы қызды зорлап келген ер адам ұсталды

Oinet.kz 23-01-2026 58

Жамбыл облысының Шу ауданынының құқы қорғау органдарына әйел адам қызының зорланғаны жайлы арыз түсірген. Тергеу жұмыстарының  нәтижесінде  46 жастағы И.М. есімді азамат 12 жастағы қызды бір жарым жыл бойы жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыратқаны анықталды деп жазады Оinet.kz ақпараттық порталы. 

image.png

Күдікті бұл әрекетін алғаш рет шаруа қожалығында жасап, қыздың дәрменсіздігін пайдаланып, сорақы әрекетін кейінгі уақыттарда да  жалғастырған.  

Іс алғашында ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы бойынша қозғалып, кейін 120-бапқа (зорлау) қайта сараланды. Қазір сот-медициналық сараптамалар тағайындалған, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция тергеуді жалғастыруда, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Бесповоротный процесс внедрения демократических принципов- Олжас Бектенов об инициативах Главы госуд
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу