Түркістан облысында кәріз құдығын тазалаған 3 жұмысшы қаза тапты

Oinet.kz 27-02-2026

2024 жылғы шілдеде Түркістан облысында бес жұмысшы кәріз құдығын тазарту үшін төмен түсіп, қажетті қорғаныс құралдарынсыз жұмыс істеген.  Тұйық кеңістікте күкіртсутек жиналып, соның салдарынан үш адам қаза тауып, тағы екеуі қатты уланған,  деп жазады Оinet.kz Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

image.png

Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша айып су-кәріз шаруашылығы учаскесінің шебері И.-ге тағылды. Тергеу органдары оның жұмыстарды ұйымдастырып, қауіпті жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндетті болғанын көрсетті. 

Бірінші сатыдағы сот И.-ні ақтап, еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер оған заңда белгіленген тәртіппен жүктелмеген деген қорытындыға келген. 

Апелляциялық сатыдағы сот бұл тұжырыммен келіспеді. Сот И.-нің іс жүзінде жұмыстарға басшылық жасағанын, нұсқама жүргізгенін және қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыруға жауапты болғанын көрсетті. Ақтау үкімі күшін жойып, айыптау үкімі шығарылды. И. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 4-бөлігі бойынша 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға және белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыруға сотталды. 

Сотталған И. үкімге кассациялық тәртіппен шағым жасап, өзін ақтауды сұрады. 

Кассациялық сот іс бойынша И.-ні ақтауға немесе оны қылмыстық жауаптылықтан босатуға құқықтық негіздер анықталмаған. Сонымен қатар сот еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер И.-ге іс жүзінде жүктелгенін, олардың орындалмағанын және адам өлімімен себептік байланыс бар екенін таныды. Сондықтан кассациялық сатыдағы сот үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жазаны өзгеріссіз қалдырылды. 

Шымкенттік адвокаттар жаңа Конституция нормаларын талқылады
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу