Қазақстанның тәуелсіздігі – ел дамуының негізі
Тәуелсіздік – халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы, елдігіміздің басты тірегі.

Егемендікке қол жеткізу арқылы Қазақстан өз алдына дербес мемлекет ретінде қалыптасып, ұлттық құндылықтарын жаңғыртуға және болашақ даму бағытын айқындауға мүмкіндік алды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында еліміздің тәуелсіздік жолындағы тарихи қадамдарына тоқталып, дербес мемлекет ретінде қалыптасу кезеңінің маңызын атап өтті.
Бүгінде тәуелсіздікті сақтау мен нығайту әрбір азаматтың ортақ міндеті. Өйткені елдің дамуы тек экономикалық жетістіктермен өлшенбейді. Оның негізінде ұлттық бірлік, қоғамдық тұрақтылық, жауапкершілік және болашаққа деген сенім жатыр.
Тәуелсіздіктің қадірін білу – өткен тарихты құрметтеу ғана емес, бүгінгі мүмкіндіктерді бағалап, келер ұрпаққа тұрақты әрі дамыған мемлекет қалдыруға үлес қосу.
Еліміздің әрбір жетістігі ортақ еңбектің нәтижесі. Сондықтан егемендігімізді нығайтып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосу – баршамызға жүктелген жауапкершілік.


