Барлығы инвестор үшін...

Oinet.kz 05-08-2019 741

Screenshot_11.jpg

Түркістан қаласындағы кәсіпкерлердің  қауіпсіздігіне қала әкімдігі ерекше назар аударуда.  Мұнда облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының ұсынысымен, Үкімет басшысы Асқар Ұзақбайұлының қолдауымен арнайы экономикалық аймақ құрылған. Яғни, мұнда келіп, кафе, ресторан ашатын болсаңыз, ешқандай салық төлемейсіз. Тек келіп салсаңыз болды. Сырттан қараған адам «мұның мемлекетке не пайдасы бар?» деп ойлауы мүмкін. Мемлекетке пайдасы, біріншіден, қаржы кіреді. Екіншіден, жұмыс орны ашылады. Үшіншіден, инфрақұрылым дамиды. Төртіншіден, технологиялар келіп жатса, жергілікті азаматтар оны көріп үйренеді. Көріп үйренген соң ол да өз бизнесін  ашуға тырысады. Сондықтан да инвесторлар арқылы жаңа технологиялар мен жаңа зауыттардың келгені түркістандықтар  үшін өте маңызды. Мамандардың айтуынша  Түркістан индустриалды аймағында ешқандай шектеу жоқ. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге де болады. Жаңа технология шығаруға да болады. Кез келген бағытта зауыт ашып істеуге де болады. Бір сөзбен айтқанда кәсіп ашамын деушілерге және инвесторларға барлық жағдайлар қарастырылған. 


Түркістанның индустриялды аймағы өзгеше
«Іскерлік байланыс» жобасының бірінші кезеңі басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу