Түркістан жастары туризмді дамытуда шетелдік әріптестерімен тәжірибе бөліспек

Screenshot_5.jpg

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де «Қазақстан мен Орталық Азиядағы мәдени және рухани туризмді дамыту мәселелері» тақырыбында форум өтті. Түркістанның кәсіпкерлік саласы мен туризмін дамыту бағыты талқыланған кездесуге жоғары оқу орнының оқытушы құрамы мен студенттері қатысты. Басқосуға Джордж Вашингтон университеті «Халықаралық туризмді зерттеу» институтының директоры Селени Матуз арнайы келген деп хабарлайды қалалық "Түркістан" газеті. 

Ынтымақтастық мақсаты айқын жиында – келер жылдың сәуір айында өтетін «Қазақстан және Орталық Азияда туризмді дамытудың тенденциялары мен келешегі» атты II Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны өткізу және ұйымдастыру жұмыстары талқыланды.

Университет басшысы Болатбек Абдрасилов қонақтарға көне шаһардың тұнған тарихын түсіндіріп өтті. Түркістан туризмін түлетуге өз деңгейінде үлес қосып отырған жоғарғы оқу ордасында 156 студент туризм мамандығында білім алуда. Студенттер өндірістік тәжірибе аясында Түркия мемлекеттінің 5 жұлдызды және Бурабайдағы RIXOS қонақ үйінде тәжірибеден өтуде.

Ректор сөзін жандандырған америкалық профессор Селени Матуз қос университет арасында тығыз байланыс орнатуда меморандум түзу туралы ойын құптады. Екі тарап ортақ келісімге келсе болашақта білімгерлерге тәжірибе алмастыру арқылы шетел мәдениетімен танысуға жол ашылады деген сөз.

Жиын соңында облыстық «Туризм басқармасы» басшысының міндетін атқарушы Перизат Қонысбаева, ХҚТУ-дің I вице-президенті Женгиз Томар «Түркістан облысының туристік мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда су жаңа қоғамдық көліктердің қатары артып келеді
  • «Түркістан қаласы елді бірлікке шақыратын миссиясын жалғастыра береді»
  • Түркістанда шәйнек үлгісіндегі субұрқақ іске қосылады
  • Кесене аумағына жасыл шым және гранит тастар төселуде
  • Түркістан жасыл-желекке бөленетін күн алыс емес
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика