Арысты қалпына келтіру 99,3 пайызға аяқталды

Oinet.kz 12-09-2019 534

WhatsApp Image 2019-09-11 at 19.36.41.jpeg

 Премьер-Министр Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың қысқа уақыт ішінде Арыс қаласындағы тұрғын үйлер мен нысандарды жылдам қалпына келтіру бойынша тапсырмасын орындау аясында қалада жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексерді. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметтері бойынша, Арыс қаласында жөндеу жұмыстарының 99,3%-ы аяқталды. Нысандарда 134 құрылыс компаниясы, 3,8 мыңнан астам жұмысшы жұмыс істеуде және 211 арнайы техника тартылған.

Арыста 68 әлеуметтік нысан орналасқан (білім беру, денсаулық сақтау және спорт мекемелері), олардың 64-і – күрделі жөндеуді және 4-еуі – толықтай қалпына келтіруді талап етті. Бүгінде 62 нысанда жұмыстар аяқталды.

А.Мамин «Арыс-1» темір жол вокзалының жөндеуден өткен ғимараты мен оның алдындағы скверді аралап көрді, "Арыс минералды су" қалпына келтірілген кәсіпорнына барды, Арыс қаласында үйлері толығымен қиратылған 100 отбасыға арналған 50 екі пәтерлі коттеджден тұратын жаңа шағын ауданның құрылысы барысымен танысты. Барлық үйлер аяқталу сатысында тұр, ішкі әрлеу жұмыстары және үй жабдықтарын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Асқар Мамин Арыс қаласындағы қайта салынған жеке үйлерге кіріп, олардың тұрғындарымен әңгімелесті.


 



Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дебат өтті
А.Мамин Түркістандағы инвестициялық жобалармен танысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу